Сайлаубек Жұмабек мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.
Бұл автор бетінде Сайлаубек Жұмабек шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.
Сайлаубек Естайұлы Жұмабек (12.2.1946 жылы туған, Түркістан облысы, Ащысай ауылы) — әдебиет сыншысы, жазушы.
ҚазМУ-дың филологиялық факультетін (1970), М.Әуезов атындындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген (1973). 1974-79 жылдары Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде сценарий бөлімінің аға редакторы, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналында бас редактор болды. 1996-2004 жылдары Қазақстан жазушылар одағының аға референті – әдеби кеңесшісі. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби сын бөлімінің меңгерушісі.
«Сын пернесі» (1989), «Ғабит Мүсірепов» (1989), «Жұлдызы нұрлы суреткер» (1993), «Қазығұрт перзенті» (1998), «Сын әуені» (2001), «Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер» (2002), «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы» (2003) атты кітаптардың авторы.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (1999), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі