Өлең, жыр, ақындар

Зейнолла

Зейнолла Шүкіров (1927 жылы ақпан айының он алтыншы жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келіп, 1970 жылы желтоқсан айында Қызылорда облысында дүниеден озады.) - ақын. Науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, жазушылықпен, ақындықпен айналысқан.

Алғашқы жинағы "Менің достарым" 1955 жылы шықса, кейін өмір сырын ұғындыратын "Теңіз жыры" кітабы 1960 жылы шығады. Оның "Арал дәптері", "Алау", "Сағыныш", "Адам-Жер-Ана" т.б өлең кітаптары бар. "Тоғысқан тағдырлар", "Жүрекке әмір жүрмейді", "Ғажайып құмыра" , "Сырлы дүние атты хикаялары", "Ізгілік іздер", "Жас жесір", "Қиын түйін" повестері мен "Өткелдер" атты романы жарық көрген. Бірқатар өлең дастандары орыс тіліне аударылған.


Қарап көріңіз

Пікірлер