Құттыбек Баяндин — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Құттыбек Баяндин мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Құттыбек Баяндин шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Құттыбек Баяндин (1937-2004) 17 шілдеде Алматы облысы, Үйгентас ауданы, Қоғалы ауылында туған.Жыланды орта мектебін бітіргеннен кейін (1957) біраз уақыт колхозда, құрылыс ұйымдарында қара жұмыс істейді.

1966 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тамамдап, Семей, Талдықорған облыстарының «Семей тады», «Октябрь туы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметтерін атқарған. Сол тұста жазған «Жолық болсын, Жұлдыз», «Жаңғырық», «Күткен күн», «Кімсің сен?» атты драмалық шығармалары облыстық театр сахнасында қойылды.

1982 жылдан бастап «Қайнар», «Жалын», «Балауса», «Рауан» баспаларында редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және сауда істері жөніндегі мемлекеттік баспасөз комитетінде бөлім бастығы болған. Э.Успенскийдің «Қолтырауын Гена және басқалар» атты әңгімелер жинағыш қазақ тіліне аударған.

Нұрмолда Алдабергеновтің ғұмыры мен қызметі жайлы «Нар тұлға» атты деректі романы «Рауан» баспасынан (1996), «Ғылым тарланы» атты жаңа деректі романы «Білім» баспасынан (2001) жарық көрді.