Өлең, жыр, ақындар

Жұмабек Тәшенов

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов (20 наурыз 1915 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Танакөл ауылында (Бабатай қыстауында) туған[1] - 18 қараша 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) — мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген.


Нақыл сөздері

«Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің.

Ілмектер: жұмабек тәшенов, Социалистік Қазақстан, газет, әділдік, әділет Жұмабек Тәшенов

Никита Сергеевич, егер Жоғарғы Кеңес әр республиканың жерлерін жергілікті органдарынсыз шеше беретін болса КСРО-ның және ұлт республикаларының Конституциясын жою керек қой. Ал ол Конституциялардың баптарында әр ұлт республикасы өзінің тарихи жеріне, ондағы байлығына өз меншігім деп пайдалануға құқы бар. Оны өзгертуге ешкімнің, ешбір органның құқы жоқ.

Ілмектер: жұмабек тәшенов, Никита Сергеевич, жер мәселесі, Республика, Жоғарғы Кеңес, КСРО, ұлт республикалары, Конституция Жұмабек Тәшенов

Біз броньмен соғысқа бармай қалдық қой. Қабылдауымызға келген соғыс ардагерлерінің өтініш-тілегін жерге тастамайық, олар от пен оқтың астынан келді.

Ілмектер: Жұмабек Тәшенов, соғыс, ардагерлер, құрмет, қабылдау, ардагерлерге құрмет Жұмабек Тәшенов

Қарап көріңіз