Иоганн Вольфганг фон Гёте — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Иоганн Вольфганг фон Гёте мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Иоганн Вольфганг фон Гёте шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Йоганн Вольфганг фон Гёте (нем. Johann Wolfgang von Goethe; 28 тамыз 1749, Франкфурт-на-Майне — 22 наурыз 1832, Веймар) — ұлы нeмic ақыны, дана ойшыл, табиғаттанушы. Жас кезiнен үйiнде арнаулы жан-жақты бiлiм алды, жетi-сегiз жасынан бiрнеше көне және еуропалық тiлдердi меңгердi, француз мәдениетiмен жетiк таныс болды. Лейпциг және Страсбург университеттерiн бiтiрдi. Гетенің рухани қалыптасуына Винкельман, Гердер және Шиллер үлкен әсер еттi. «Гец фон Берлихинген» (1773) атты драмасында реформация кезеңiндегi бүлiкшiл рыцарьдың бейнесiн ашып көpceттi. Бұл шығармасында романтизм ықпалы байқалды.