Дүкен Мәсімханұлы

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Дүкен Мәсімханұлы — 1963 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіне қарасты Текес ауданының Шилөзек аулында туған. 1987 жылы Пекиндегі Орталық ұлттар университетін аудармашы-филолог мамандығы бойынша тамамдаған.

1987-1993 жылдары Үрімші қаласындағы СУАР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып істеді. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің арнайы шақыруымен атамекенге келген. Қытайтанушы ғалым әл-Фараби атындағы Қаз ҰУдың Шығыстану факультетінде Қиыр шығыс елдері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

2002-2009 жылдары Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Мұрағатталған 7 сәуірдің 2013 жылы. Шығыстану кафедрасының Мұрағатталған 2 қарашаның 2013 жылы. меңгерушісі. 2010 жылдан аталған оқу орнындағы қытай тілі кафедрасының меңгерушісі. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013 ж.).

Дүкен Мәсімханұлы шығармалары

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері