Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Ұрыста тәуекел ету де — ерлік.

Ілмектер: ерлік, ұрыс, соғыс, тәуекел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.

Ілмектер: жігіт, жігер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қиын сәтте тізгініңді босатпай, шапшаң да шебер қимылда.

Ілмектер: қиындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жауыңды жапыра біл,
Баудай түсіре біл.

Ілмектер: жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ерлік елеусіз қалмасын.

Ілмектер: ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өжеттіліктен не пайда,
Ерлігі мен ақылы
Көпті батыр етпесе.

Ілмектер: Өжеттілік, ерлік, ақыл, батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өмір үшін өлгенше күрес.

Ілмектер: Өмір, өлім, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,
Бойға қуат бітіреді.

Ілмектер: Жақсы, сөз, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Берік болмай ерік жоқ.

Ілмектер: берік, ерік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қарабет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық.

Ілмектер: қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әдіссіздік — әлсіздік,
Ептілік те ерлік.

Ілмектер: ептілік, ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Тәртіпті — елдің ұлы.

Ілмектер: тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

Ілмектер: ақыл, айла, айғай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ежелден ер тілегі — ел тілегі. Адал ұл ер боп туса — ел тірегі.

Ілмектер: ел, тілек, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Орынды зіркілдеу — сабақ, орынсыз зіркілдеу — азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.

Ілмектер: сабақ, азап, жастар, насихат, зіркілдеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адамның көзқарасы мен түрі — жан дүниесінің рентгені.

Ілмектер: Адам, көзқарас, жан, дүние, рентген, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Символдық сыйлықтарды қара бастың құлқынына құрбан ету — қасиетсіздік.

Ілмектер: қасиетсіздік, сыйлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.

Ілмектер: қате, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.

Ілмектер: Жақсы, солдат, командир, ұстаз, жаман, генерал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қарап көріңіз