Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Өтірік – барып тұрған зиянды у

Ілмектер: өтірік Бауыржан Момышұлы

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Ілмектер: өтірік, шындық Бауыржан Момышұлы

Өзің білмейтін адамдардың сыртынан ғайбат сөйлеп,обалына қалма.

Ілмектер: ғайбат, обал, танымау Бауыржан Момышұлы

Пышақтың жүзі өтпесе, сабы қанша жақсы болғанмен, түкке жарамайды. Алдымен жүзі өткір болуы керек.

Ілмектер: Пышақ, өткір, жарау Бауыржан Момышұлы

Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

Ілмектер: ақыл, дұрыс, жол Бауыржан Момышұлы

Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, мақтау Бауыржан Момышұлы

Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды.

Ілмектер: су, ми, қолдану Бауыржан Момышұлы

Иір бұтақты емен шынар болуға құмар болмайды.

Ілмектер: емен, бұтақ, Құмарлық Бауыржан Момышұлы

Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме.

Ілмектер: Мұрат, дос, дұшпан Бауыржан Момышұлы

Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады

Ілмектер: Талап, тас, шеге Бауыржан Момышұлы

Қой бастаған арыстан тобынан,арыстан бастаған қой тобы артық.

Ілмектер: басшы, арыстан, қой Бауыржан Момышұлы

Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды

Ілмектер: тәртіп Бауыржан Момышұлы

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Ілмектер: достық Бауыржан Момышұлы

Отаның үшін отқа түс – күймейсің.

Ілмектер: Отан Бауыржан Момышұлы

Қарап көріңіз