Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады Ілмектер: Талап, тас, шеге Бауыржан Момышұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. — Шәкәрім Құдайбердіұлы талап, білім
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге, Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. — Бұқар жырау тас, теңіз
Адам баласының ең жаманы – талапсыз. — Абай Құнанбайұлы адам, талапсыздық
Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ. — Майқы би тас, тамыр
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкiм қалап. Терең ой, терең ғылым iздемейдi, Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап. — Абай Құнанбайұлы Ынсап, ұят
Өскенді де көргенбіз, бөскенді де көргенбіз, Өсіп-бөсіп ақыры өшкенді де көргенбіз. Болғанды да көргенбіз, толғанды да көргенбіз, Болып, толып ақыры солғанды да көргенбіз. Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз, Асып-тасып ақыры сасқанды да көргенбіз. — Қайнекей Жармағамбетов өсу, асып-тасу
Хабарлама
INFO
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі