Кім десем

Бұл бетте «Кім десем» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ай жарық, нұры балқып тұрған түні,
Жарасып, жалтылдасып жұлдыз сыны,
Шағында аңсыз, дыңсыз қыбырлаған,
Дейтін - ақ секілденіп әлдекімі.
Келіппін бір өзен су кемеріне,
Кез жетпес ары, бер жақ келеміне,
Толықсып аққан суы таңырқатты,
Мастанып, бой манаурап келгенімде.
Самал жел баяу есіп тұрған толғап,
Жайқалған түрлі өлеңдер қандай болмақ.
Шыққан шөп, өскен ағаш дегізетін,
Басқасы ұжым ақтың қалған орнап.
Майысып біткен құрақ жағадағы,
Бітісіп қалың ну мен екі жағы.
Жар соққан ептеп келіп толқындары,
Асаудан үйренбеген бейне жабы.
Құс сайрап, құрт шақырып, ыңырсыған,
Өзінше тақпақ айтып бақа - жылан.
Мұңды үміт секілденіп сол ұғып тұр,
Бу болып, су үстінен шыққан тұман.
Отырып, міне, мұның бәрін көріп,
Жан күші, әсерлі үміт ішті керіп,
Көзімнен тамшыланып суық жасым,
Бір терең ойға қалдым ішім еріп.
Мінеки, мұңайсам да мұндай кеште,
Жанданып жаратылыс алған кесте.
Жандантып жан сыздауға себеп болған
Мінсіз - ақ бұлар һәм мен бар емес пе.


Пікірлер (3)

Аружан Габиденова

Өтінемін Ілияс Жансүгіровтің прозалық əңгімелерін бүгінге дейін шығарып бере аласыздарма?)

Айнура Сапарбаева

Мағанда прозалық арнау əңгімелерін тауп бернздерщі

Арайлым

Өте керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім десем өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Кім десем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім десем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім десем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері