Игібай Әлібаев туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.
Әлібаев Игібай (1903–1978) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Айтуар ауылында туған. Өз әкесі Тәжібай, оның ағасы Әлібай (Игібайды бауырына басып, бала етіп алған) – бәрі Біржан салдан тәлім алған әнші, өлеңші, өнерпаз болған.
1921 жылы Қызылжардағы (Петропавл) Қазақ педагогика техникумын бітіріп, ұзақ жылдар ауылда мұғалім болып істейді. Бүкілодақтық, республикалық халық өнерпаздарының байқауларына, айтыстарға қатысып, жүлде алды. Шығармалары ақындардың ұжымдық жинақтарында жарияланды.
1974 жылы «Айтуар» атты өлең кітабы жарық көрді.
«1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін» (1946), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1958) медальдарымен марапатталған.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі