Шәдәт Нұрсапақызы

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Шәдәт Нұрсапақызы 1941 жылы Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. 1956 жылы Шыңжаң ауылшаруашылық
университетін мал дәрігерлік мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Содан кейін Дөрбілжін аудандық мал дәрігерлік мекемесінде қызмет істеп, зоотехник атағын алған. Осы мекемеде ұзақ жылдар қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шықты.

Ол өлең жазумен сонау 1960 жылдардан бастап айналысып, Қытай елінің түрлі басылымдарында 350-ден астам өлең, толғау, поэма, әңгімелері жарияланды. 1995 жылы қазақстандық басылым арқылы «Қонақ кәде» айдарымен жарияланған бір топ өлеңдері атажұрттағы оқырмандардың көңілінен жылы орын алды. «Арман», «Боз торғай» атты жыр жинақтары Ш.Нұрсапақызының ақындық қуатын, өзіндік ізденісін байқатады. Қазір оның «Туған жер – тұнық жыр» атты жыр жинағы басылым күтуде.

Шәдәт Нұрсапақызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Жұңго азсанды ұлт әдебиетшілер одағының және Іле-қазақ автономиялы облысы жазушылар одағының мүшесі.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері