Нұрила Қызықанқызы

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Нұрила Қызықанқызы - 1951 жылы 13-наурызда Алтай қаласының Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1979 жылы «Шыңжаң газетінде» жарық көрген «Аспан» атты өлеңімен әдебиетке қадам жасаған. Содан қазірге дейін 5 поэма, 1 баллада, 4 повесть, 30-дан астам әңгіме, 20-дан астам ғылми мақалалары жарияланған.

«Ана жыры» альманағындағы топтама өлеңдерінен кейін «Солтүстік үйек жарқылы», «Ауыл әуендері», «Аңшылық хикаяттары», «Бақыттың иісі» атты кітаптары жарық көрді. «Ертістің аржағынан» атты өлеңдер жинағы Қазақстанда басылып шықты. Ал, «Аңшылық хикаяттары» ханзу тіліне «Ең соңғы аңшы» деген атпен аударылды. Сонымен бірге бұл кітап Қазақстанда басылым бетін көріп, зерттеушілердің жоғары бағасына ие болды. Зерттеу сипатты тараушалары Мемлекеттік Орталық музейден шығарылатын арнаулы энциклопедиялық кітапқа енді.

Нұрила Қызықанқызының «Аңшылық құралдары мен әдіс-амалдары» атты мақаласы, «Ләйла» атты повесі қазақ-қырғыз жазушыларына арналған «Тұлпар» сыйлығын алды. «Борандағы көш» повесі «Тянь-Шан» әдебиет-көркемөнер сыйлығын еншіледі.

Нұрила Шыңжаң Жазушылар одағының, Іле облыстық Жазушылар одағының мүшесі. Алтай аймақтық әдебиет-көркемөнер бірлестігінің орынбасар төрағасы.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері