Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Гүлден Мүлікқызы - 1966 жылы Қаба ауданының Сартам төңірегіндегі Қабырғатал қыстағында туылған. 1985 жылдан бастап ақындар айтысына қатынасып, сан рет жүлде алған. Алтай аймақтық 12-кезекті ақындар айтысында «Алтай халық ақыны» деген
құрметті атаққа ие болды. 2003 жылы қарашада Қазақстанда өткен Таңжарық Жолдыұлының жүз жылдық мерей тойында «Таңжарыққа арнау» атты өлеңі арнаулы сыйлық алған.
1985 жылы «Іле халық баспасынан» «Боз жалын жыр», 2004 жылы наурызда Ұлттар баспасынан «Бозбалаға бойтұмар» атты жыр жинағы баспадан шыққан. 2005 жылы Қазақстанның Астана қаласында өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайы мүшайрасында «Сен азаматсың» деген өлеңі жүлде алды. Ол, сондай-ақ, 2011 жылғы дүние жүзі қазақтарының ІV Құрылтайына да делегат ретінде қатысып, осы жиын аясындағы мүшәйраның Әділқазылар алқасына мүшелік етті.
Гүлден Мүлікқызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Іле облыстық Жазушылар одағының, Алтай аймағы жазушылар одағының, Шыңжаң айтыс зерттеу одағының, Шыңжаң қазақ мәдениет қоғамының мүшесі.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі