Науат Шантубайқызы

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Науат Шантубайқызы - Күнес ауданының Кеңсу ауылында тұрады. 1967 жылы Күнес ауданының Түрген ауылында дүниеге келген. Ол алғашында айтыс ақыны ретінде танылды. «Ақөзен» атты тұңғыш өлеңі 1990 жылы «Іле газетінде» жарық көрді. Содан бері түрлі басылымдарда 150 өлеңі, «Қозы көрпеш-Баян сұлу - мәңгілік махаббат жыры», «Ақын елдің жүрегінде», «Ақынның өзі өлсе де, сөзі өлмейді», «Асыл ақын» атты сын мақалалары жарияланып, Қытайдағы қазақ баспасөзінде әдеби сын жанрының ілгерілеуіне үлес
қосты. «Жүзден жүйрік» альманағына енген өлеңдері мен Қазақстанда шығатын «Аружан» және «Бал бұлақ» журналдарында жарық көрген шығармалары Науаттың ақындық қарымын байқатты. 1991 жылы «Іле газетіне» басылған «Бір қыздың арманы» деген өлеңі осы басылымның 2-дәрежелі сыйлығына, «Іле кеші» газетіне басылған «Ақша қар» өлеңі 3-дәрежелі сыйлыққа ие болды.

Науат Шантубайқызы Іле-қазақ облыстық Жазушылар одағының, Іле облыстық ауыз әдебиет одағының мүшесі, «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының облыс көлеміндегі заңды мұрагері.

Оның «Жалғыз сәуле» атты өлеңдер жинағы Шыңжаң жастар баспасында басылым күтуде.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері