Мұхтар Шаханов нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.
Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты.
1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004—2007 депутат. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.
Бала жүрегі — кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек.
Ілмектер: Бала, жүрек, Мұғалім, кілт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұстаз Мұхтар Шаханов
Амалың не, тасты соқпақ кештің бе?!
Ілмектер: нақыл, адам, мүсіркеу Мұхтар Шаханов
Амалың не, жанбай жатып өштің бе?!
Тек басыңды жоғары ұста өлсеңде,
Тек өзіңді мүсіркетпе ешкімге!
Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Ілмектер: Шындық, адам, нақыл Мұхтар Шаханов
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.
Досын оққа қиған жанға,
Ілмектер: адам, нақыл, дос. Мұхтар Шаханов
Елін қию сөз боп па?
Дос көңілін ұсынғанның бәрінен,
Достық шыға бермейтінін ұмытпа!
Көзімді алмай маздап жанған оттардан,
Ілмектер: адам, сезім, нақыл Мұхтар Шаханов
Саған сенем саған сенім артамын,
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан,
Жүрегі жоқ адамдардан қорықамын.
Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз,
Ілмектер: Махаббат, адам, нақыл Мұхтар Шаханов
Сезім өмір сүре алар ма мұратсыз.
Жүрегіңде ерлігі жоқ адамның,
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.
Сөзі мен ісіне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар.
Ілмектер: сөз, шындық Мұхтар Шаханов
Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында,
Ілмектер: даңқ, сатқындық Мұхтар Шаханов
Сатқындық та бұғып жүрмек қасында
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі