Корейская косметика премиум класса

Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Ұлы ақын, композитор, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, іс Абай Құнанбайұлы

Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса, домбыт, мақтаншақ, қорқақ.

Ілмектер: ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Жас қартаяды, жоқ туады, туған өледі.

Ілмектер: жас, қарттық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп,
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақпейіл, мақтау Абай Құнанбайұлы

Сүйер ұлың болса сен сүй,
Сүйсінерге жарар ол.

Ілмектер: ұл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел Абай Құнанбайұлы

Момыннан жаман қорқақ жоқ,
Қу, пысық деген ат қайда?
Айлакер болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда?

Ілмектер: момын, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Қу, пысық, Айлакер, бақ Абай Құнанбайұлы

Өлсем, орным — қара жер сыз болмай ма.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қара жер, сыз Абай Құнанбайұлы

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Ілмектер: Ғашықтық, құмарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі Абай Құнанбайұлы

Демің – гүл аңқыған
Нұрың – Күн шалқыған.
Көргенде, бой еріп,
Сүйегім балқыған.

Ілмектер: дем, гүл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Сұлулық сүймектік –
Пайғамбар сүннеті.

Ілмектер: Сұлулық, пайғамбар, сүнет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек.

Ілмектер: адам, ақыл, іс, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу.

Ілмектер: Ой, кесел, уайымсыздық, салғырттық, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құмар Абай Құнанбайұлы

Ақыл — жүректің суаты.

Ілмектер: Ақыл, тазалау, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Надан адамның көзі болғанымен — ойы болмайды.

Ілмектер: надан, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Жеңсікқойлық — тез тозар.

Ілмектер: Жеңсікқойлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ынсапсыз істің ақ-қарасына қарамайды.

Ілмектер: Ынсап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Пайдасыз тақыл — байлаусыз ақыл.

Ілмектер: Пайда, ақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Күн артынан күн туар,
Бір күн дамыл еткізбес.
Ой артынан ой қуар,
Желге мінсең жеткізбес.

Ілмектер: күн, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Өсекші — ел тыныш болса азады.

Ілмектер: өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, өсекші Абай Құнанбайұлы


×