Өлең, жыр, ақындар

Ғабиден Мұстафин

Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1984, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.


Туындылары Нақыл сөздері

Жемісті болғың келсе кішік бол.

Ілмектер: кішіпейілдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Жазып отырғанда мығым-ақпын, жазып болып топқа түскенде жаңа түскен келіншекпін.

Ілмектер: жазу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Есерсоқ батырдан есті қорқақ артық.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қорқақ, есерсоқ Ғабиден Мұстафин

Бір үйез жылқыны бір бүгелек,
Бір семьяны бір беймаза күйзелтеді.

Ілмектер: беймаза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жылқы Ғабиден Мұстафин

Әке көңілін өзің әке болғанда білесің.

Ілмектер: әке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көңіл Ғабиден Мұстафин

Асыл адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады, Асыл сөз мәңгі жасайды.

Ілмектер: асыл, адам, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәңгілік Ғабиден Мұстафин

Ажалдан ешкім құтылмаса, қайғыдан да құтылған емес.

Ілмектер: ажал, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Азамат бойына іс түскенде арсыз әкімдер семіреді.

Ілмектер: азамат, әкім, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ағайын арасына жік түссе, қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар.

Ілмектер: ағайын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, туыс, қамқор, дәнекер Ғабиден Мұстафин

Ағайының бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң асырай алмайды.

Ілмектер: ағайын, туыс, көре алмаушылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ағаш бұтағы жемісі басқан сайын, ақылды бас толған сайын иіледі.

Ілмектер: ағаш, бұтақ, аықл, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ақылмен мыңды, ақырумен бірді ғана көндіресің.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адам қысылса бәрін өзі табады, қысылмаса көксейтіні — ылғи кең жайлау.

Ілмектер: жайлау, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адам қарын тойғаннан гөрі, көңіл тойғанға риза.

Ілмектер: адам, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адамның қорлауына адамның езі, ынжығы ғана көнеді.

Ілмектер: адам, қорлық, ез, ынжық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адамдар жаманын жасырып, жақсысын бетке ұстайды.

Ілмектер: адам, жаман, жақсы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адаммын десең — құрыса торғайлық панаң болсын, болмаса адамдығың екіталай.

Ілмектер: адам, пана, нақыл, афоризм, жарғаққанаттылар Ғабиден Мұстафин

Адамға бәрі керек, адам неге керек?

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адам — тас емес, тас та өзгереді.

Ілмектер: адам, тас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адамға бәрі керек, солардың ішінен үшеуін ғана таңда десе, менің таңдайтыным: денсаулық, айнымас жолдас, суымас махаббат.

Ілмектер: денсаулық, жолдас, махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дос, адам Ғабиден Мұстафин

Қарап көріңіз