5 сыныптар арасындағы сайыс сабақ
Тақырыбы: Сырлы әлемге саяхат
Мақсаты: Оқушылардың бейнелеу өнері пәнінен алған білімдерін тексеру. Бейнелі ойлауға, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенді, жылдам сурет салуға баулу, шеберліктерін шыңдау. Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Тақырыбы жазылған плакат , өнер жайлы мақал-мәтелдер, түрлі-түсті қағаздар,қайшы, желім, маркер, т.б.
«Бұл деген-таңғажайып» слайд.
Кіріспе
Бейнелеу өнері оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Сендер бейнелеу өнерінің әрбір түрін, әр саласын оқып үйрену арқылы өнер теориясы бойынша сауатты сурет салуға машықтандыңдар.
«Бұл деген-таңғажайып» атты слайд шоуды тамашалап бейнелеу өнерінің бүгіні мен ертеңі жайлы түсінік қалыптасты.
Сендер сияқты өнер десе ішкен асын жерге қоятын жас жеткіншектер тұрғанда өнер кереметі мәңгі жасай бермек.
Сайыс бағдарламасы технология мен бейнелеу өнері пәндерін байланыстыра отырып құрылған.
Сайыстың бағдарламасы
1 .Топты таныстыру.
2. Үй тапсырмасы.
3. Қызғалдақ теру (пәндік сұрақ)
4. Жұмбақ шешу.
5. Шеберлік сайысы.
6. Сандар сыры (сұрақ-жауап)
7. Мақал-мәтел сайысы
Әділ қазылар алқасын сайлау
1.
2.
3.
Сайыстың барысы
Ал, балалар, тыңдаңдар,
Басқаға көңіл бұрмаңдар.
Таныстырып өзіңді
Топ намысын қорғаңдар.
1 топ: 5 «А»-«Графика» тобы.
Біздің топ: Графика
Біздің ұран: Біз өнерді сүйеміз,
Көңілімізге түйеміз.
Көрсетіп бар өнерді,
Жеңіске де иеміз.
2 топ: 5 «В» -«Кескіндеме» тобы.
Біздің топ: Кескіндеме
Біздің ұран: Талабы таудай баламыз,
Тамаша сурет саламыз.
Шабыттансақ белестерді,
Бағындыра аламыз.
2. Үй тапсырмасы
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнеріңнің ырысы,
Жарқырап жатар жолыңда.
Оқушылар өздері үйден дайындап алып келген суреттері мен бұйымдарын көрсетіп таныстырады.
3. Қызғалдақ теру
Қызғалдақ - көктемнің алғашқы гүлі. Сендер қызғалдақтан гүл шоғын жасауларың керек. Ол үшін қызғалдақтардағы жасырылған сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер болғаны. Қане қай топ қызғалдақты көбірек тереді екен?
Сұрақтар:
1. Бейнелеу өнерінің түрлерін атап бер?
2. Бейнелеу өнерінің жанрларын атап бер?
3. Гравюра қай елдің сөзі, мағынасы қандай?
4. Түрлі-түсті бояулармен салынған сурет?
5. Гравюраның түрлері?
6. Рельеф нешеге бөлінеді?
7. Әшекей бұйымдар жасайтын адам?
8. Қарындашпен, тушьпен орындалатын шығарма?
9. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі кім?
10. Жан-жануарлар мен хайуанаттар бейнесі қандай жанр?
11. Мүсіннің түрлерін ата?
12. Сәндік қолданбалы өнердің түрлерін ата?
4.Жұмбақ шешу (8 минут)
- Ал, балалар, ойнаңдар,
Ойнаңдар да ойлаңдар.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймаңдар.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ оқимын. Жұмбақтардың жауабын сурет салу арқылы табасыңдар. Бұл жерде жауаптың дұрыстығы мен суретті салу шеберліктерің бағаланады.
1. Сақалы жоқ мұрты бар,
Бет-аузы жоқ басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай алдаған. (Сыпырғыш)
2. Жайса-көлдей,
Жиса-жеңдей. (Перде)
3. Күннен көзін алмайды
Мойны бірақ талмайды. (Күнбағыс)
4. Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
5.Шеберлік сайысы
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Төрелігін біз айтайық соңынан.
Ою-өрнек өрнек қиып оны параққа үйлесімді етіп жапсыру керек.
6.Сандар сыры
Екі топқа сандарға байланысты сұрақтар қойылады.
1-топқа: Үш арсыз. Бес қару. Жеті жоқ
2- топқа: Үш жұрт. Бес парыз. Жеті ата
7. Мақал-мәтел сайысы
«Сөздің көркі - мақал» деген сөз бар. Олай болса, әрбір сөзімізді мақалдап, жүйелі сөйлей білген жөн. Өнер, білім, еңбек жайлы мақалдарды қай топ көбірек біледі екен?
Білім - өмір шырағы.
2. Оқу-білім азығы,
Білім-ырыс азығы.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді.
5.Өнер-ағып жатқан бұлақ,
Ілім-жанып тұрған шырақ.
6.Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
7. Өнер-таусылмас азық,
Жұтамас байлық.
8.Өнерлі бала сүйкімді.
9. Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
10. Еңбексіз өмір-сөнген көмір.
11. Ердің атын еңбек шығарады.
12. Еңбек түбі береке,
Көптің түбі мереке.
14. Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
8.Қорытынды
Әділ қазы береді,
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты.
Екі топтың өнері мен білімін таразылап, Әділ қазылар өз бағасын береді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі