Өлең, жыр, ақындар

“Қараш-қараш” оқиғасынан “Тұтқын бала” әңгімесіне дейін

Ақмола облысы, Зеренді ауданы
Раздольный орта мектебі

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Хабал Ардах

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік: Бала Тұрардың бейнесіне талдау жасай отырып, оның өмір жолындағы сан қилы қиындықтарды жеңе білуін жан-жақты ашқызу. Шығарманың авторлары мен кейіпкер арасындағы байланысты таныту.

2) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ізденісін, сөйлеу мәдениетін, оқу талдау дағдыларын қалыптастыру.
3) тәрбиелік: Адамгершілікке, төзімді, қайырымды, адамды құрметтеуге, ұлтжандылыққа, елін, отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайд, сызба, бейнебаян, т.б.

Әдісі: СТО, сұрақ-жауап, баяндау, талдау.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Ой шақыру. Топтастыру стратегиясы.

Мұхтар Әуезов      Шерхан Мұртаза

2. Шығарма құрылысына  талдау.

“Қараш-қараш” оқиғасы (8 сынып)

 “Тұтқын бала” әңгімесі (6 сынып)                          

I. Оқиғаның басталуы.

II. Оқиғаның дамуы.

III. Оқиғаның шиеленісуі.

IV. Оқиғаның шарықтау шегі.

V. Оқиғаның шешімі.

II. Мағынаны тану.

1) Баяндауыш (шығарма мазмұнын қысқаша баяндау).
2) Сілтеме табушы (өзін толғандырған оқиға).
3) Ізденуші (автор немесе кейіпкер туралы мәлімет).
4) Із қуушы (кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз бағасын беру).
5) Сөз тапқыш (шығармадағы бейнелі, сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер жазу).
6) Дәнекер (шығарманы өмірмен байланыстыру).
7) Бейнелеуші-суретші (оқиға желісімен сурет салу).
8) Сұрақ қоюшы (шығарма негізінде 11 сұрақ жазу).
9) Жазушы (осы шығарманы қалай аяқтайсың).
10) Реттеуші (оқиғаны қалай реттер едің).
11) Мінездеме беруші (жағымды және жағымсыз кейіпкерге мінездеме бер).

4. Деректер сөйлейді.  «Қараш-Қараш оқиғасы» қалай туды?

Т.Рысқұлов пен М.Әуезовтің  таныстығы 1922 ж.Ташкент қаласында басталып, қоғамдық қызметтегі қарым-қатынасы отбасылық сыйластыққа ұласып, Тұрардың бастан кешкен тағдыры, әкесі Рысқұлдың өжет бейнесі Мұхтарды қатты қызықтырып, оның өмірбаянын өзек етер шығарма жазуды жоспарлайды. Жазушының өтініші бойынша Тұрар 1923 ж. Жетісу обл-қ революциялық трибунасының төрағасына хат жазып, әкесі Рысқұл Жылқыайдаровтың сот ісі туралы мұрағат деректерін іздестіріп, алдырғанынан хабардар болған Әуезов мұрағат құжаттарымен танысады. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіне тақырып тауып, дерек жинауды, көңіліне тоқып, көкейге түюі - 1922 жылдан басталған жазушы Рысқұл - Бақтығұлдың бас еркіндігі жолындағы қайсар ерлігіне тәнтілік танытып, әкелі-балалының тағдырын арқау етіп, «Қараш-Қараш оқиғасы» туралы повесть жазады. 

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдардың басында мемлекет және қоғам қайраткері Бекей Байғанаевтан естіген әңгімеден сыр шертеді. Бекей Байғанаев 1932 жылы Мәскеуде қоғамдық институттардың бірінде оқып жүргенінде Мәскеудегі  РСФСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарыТұрар Рысқұловтың үйінде болғанын, сол кезде көнетоздау киімі бар реңді жігіттің келгенін, оны Тұрар: Бұл Мұхтар Әуезов деген жазушы» деп таныстырғанын, оның әңгіме арасында : «Сіз туралы трилогия жазуға жинаған деректерім жетеді. Енді тек столға алаңсыз отыру ғана қалды», - дегенін, қайтар кезде Рысқұлов көмекшісі Левковичке телефон шалып: «Петр Филипович, қазір саған қазақстандық жазушы Мұхтар Әуезов барады. Кавказ шипажайларының біріне «путевка» дайында. Материалдық көмек жағын да қарастырып, мені хабардар етерсің»,-деп тапсырма бергенін айтады.

 1970 жылдардың басында академик - жазушы Ғабит Мүсірепов пен Шерхан Мұртазадан естігенін айтады. «Мүсірепов: «Шерхан, сенің Тұрар Рысқұлов жайында ізденістер жасап жүргеніңді білемін, кезінде Мұхтар Әуезов ол туралы жазбақшы болып, көп ізденістер жасаған еді. Бірақ 1937 жылдың репрессиясында Тұрар «халық жауы» ретінде атылды ғой. Бұл жағдай Мұхтардың жазуына үлкен қолбайлау болды. Елуінші жылдары да өз басына күн туып, жан сауғалап елден шеттеп кетті емес пе. Бір жолы маған: "Ғабит, менің Рысқұлов туралы жазуға еш мүмкіндігім болмады. Менің қолымдағы материалды алып, осыны сен жазсаң деймін" деп қолқа салған соң мен меселін қайтармай келісім берген едім. Алайда,менің де жазуға мүмкіндігім болмады. Рысқұлов туралы сен жаз. Оның көркемдік бейнесін алып шығу сенің қолыңнан келеді»,- деп айтқанын өз құлағыммен естідім». Кейін Ш.Мұртаза Тұрар Рысқұлов туралы 5 томдық кітап шығарып, асыл ағаларының аманатын абыроймен орындады.

 

  •  

Болған оқиғалар

1894.XII.26.

Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағашта дүниеге келген.

  1.  

Меркедегі туыстарына барады. Орыс-қазақ бастауыш мектебінде оқып,оны үздік бітіріп шықты.

1910-1914 ж

Бішкектегі I дәрежелі ауыл шаруашылық мектебін тәмамдайды.

1915 ж.

Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі.

1916 ж

Ұлт-азаттық көтерілісі басталып, оған қатысады.

1918 ж.

21 жаста Түркістан республикасында аштықпен күрес орталық комиссиясының төрағасы болды.

1924 ж.

Моңғолияға өкіл етіп жіберді.

1932-1933ж.

Қазақ халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып күресті.

1943 ж.

Өмірден өтеді.

“Асуда атылған оқ” көркем фильмінен кадрлар. Тұрар Рысқұлов туралы бейнебаян көрсету.

ІІІ. Ойтолғаныс. Пікірлер пирамидасы
Бақтығұл - еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ
Бақтығұл - кек алушы күрескер
Бақтығұл - Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
Бақтығұл - қорғансыз сорлы .

Мұғалімнің қорытынды сөзі
1. « ... Рысқұл оқымаған болғанымен, көкірегі ояу адам еді. Түрменің ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары зая кетпес. Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін әлде бір жазушымен дос болып, өз әкесінің басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып «Қараш-Қараш»туар (Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынынан үзінді)
    Бұл үзіндідегі Тұрар - 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында өмірге келген қазақ қайраткері.
«Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері - Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін келбеті былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жоталы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты». (Ш.М.Рысқұл 68) Шығармадағы бас кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Жылқыайдаров Рысқұл - Тұрардың әкесі.Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған Рысқұл Жылқыайдарұлы 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы Бақтығұлдың інісі Тектіғұл - Молдабек, баласы Сейіт – Тұрар, Қатша - Тұрардың анасы Ізбайша, Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров.
2. 1968 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп, «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») көркем фильмі түсірілді. (Фильмнен кинокадрлар көрсетіледі)

3. Қазақстанда тұлғаларға арналған ескерткіштерді көрсету.
ІҮ. Үйге тапсырма: «Шығармадағы жазушы қолданған көркемдік әдіс-тәсілдер» тақырыбына шығармашылық ізденіс.
Оқушыларды бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз