Өлең, жыр, ақындар

Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық

Алматы облысы Ұйғыр ауданы

 «Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі: Назгуль Смаилқызы Ильясова

Математика  пәні

3 – сынып

Мерзімі

30 сәуір 2015 жыл

Пәні

математика

 3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық

Мақсаты:

Оқушыларды қозғалыс денелерінің шамалары 
жылдамдық, уақыт, қашықтықпен таныстырып, қозғалысқа берілген есептертерді құрастыру және шығаруды үйрету.
Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

3 сынып математика оқулығы, 118-120 бет

Күтілетін нәтиже:

 - Қозғалыс есептері туралы мағлұмат алады;

 - Өз ойларын еркін жеткізуге тырысады;

 - Шығармашылықт апсырмалар арқылы ой-қиялдары дамиды;

- Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

Міндеттер:

 - пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру;

 - есепке сәйкес сызба сала білу дағдыларын қалыптастыру;

 - жарыс арқылы тез дұрыс есептеуге үйрету;

 - ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 Таныстырылым, кесте, формула

Оқыту әдістері:

 топпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ – жауап

Тапсырмалар:

  Топтық, диалог

 

Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу

«Оркестр» жаттығуы

 

Топқа бөлу

   1-топ - «Жылдамдық»

   2-топ - «Уақыт»

   3-топ - «Қашықтық»

Әр оқушы өзіне тиесілі орнына отырады, топтағы рөлдерді бөледі

Үй жұмысын тексеру

117 бет, №6

3 топтан 1 оқушыдан жауап береді.

Жаңа сабаққа мақсат қою

«Ой қозғау» стратегиясы

  • Қозғалыста болатын қандай денені білесің?

    (машина, мотоцикл, адам, жануар, құс)

  • Қозғалыста болмайтын ше? (заттар, тамақ ,құрал т.с.)
  • Қозғалыстағы дене қандай бағытта болуы мүмкін?

      Мысал келтір (әр оқушының өздеріне көрсетуге болады).

Сұрақтарға жауап бере отырып, қозғалыс туралы ұғымдарға назар аударады.

Ойланайық, пікірлесейік

 Сурет бойынша жаңа сабақты жетекші  сұрақтар арқылы түсіндіру.
 -Балалар,назарларыңды мына суретке  аударыңдар.
-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Трактор қозғалыста ма? Оны неден байқадыңдар?
-Жүк машина ше?
-Ал адам ше?
-Енді келесі суретке назар аударыңдар.
-Бұл суреттен не байқадық?
-Трактордың,жүк машинаның,жаяу адамның козғалысы жайында не айтуға болады?
-Олардың бір сағатта бара алатын қашықтықтары бірдей бола ма,әлде әр түрлі бола ма?
-Неліктен?Қайсысы басқаларынан баяу,қайсысы жылдам қозғалады?


-Балалар енді №2 келесі есепке назар аударайық.
Сонымен балалар,қозғалыс денелері жылдамдық,уақыт,қашықтықпен белгіленеді

 

Есептің шешуін айтады. Сол бойынша жаңа тақырыпты анықтайды.

 

 

5 км - бұл жаяу адамның қозғалыс жылдамдығы сағатына 5км
10км - трактордың қозғалыс жылдамдығы сағатына 10км
60км - машинаның қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 км
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар есептің берілгенін оқулықтан оқу арқылы талдайды. Қозғалыстағы дене –мотоциклші. Ол сағатына 60 км жүріп ,3 сағат жолда болды. Ол әрбір сағат сайын бірдей қашықтық жүріп өтті. Мотоциклші 1 сағатта жүріп өткен 60 км қашықтықты кесіндімен көрсетейік. Ол 3 сағат жолда болды. Сондықтан осындай 3 кесіндіні жалғастыра сызамыз.
60км 60 км 60км
Сонда 60 километрден 3 рет болады.
Электрондық окулықты пайдалану.
Демек, 60км*3=180км. Олай болса, мотоциклші 3 сағатта 180км жол жүрген.

Оқып үйренейік: топтық жұмыс

Постермен жұмыс істеуге тапсырма беріледі: №3 есеп

«Жылдамдық» тобы: а). Жаяу адам сағатына 5 км жүрсе 2 сағатта қанша км жүреді?
5км/сағ • 2сағ = 10 км

«Уақыт» тобы: ә).Машина сағатына 90км жол жүрсе, 4 сағатта қанша км жүреді?
90км/сағ • 4сағ = 360 км

«Қашықтық» тобы: б). Трактор сағатына 10км жол жүрсе, 5 сағатта қанша км жүреді?
10км/сағ • 5сағ = 50 км

Әр топ өз алдындағы плакатқа берілген есептің сызбасын құрып, оны түсіндіре отырып қорғайды.

Сергіту сәті:

Логикалы қжаттығулар

 

  1. Тасбақа мен тышқан жарысса қайсысы бұрын жетеді?Неге? (т.с.с. бірнеше есептер беру)

 

 

Бағалау

 

Топ бір-бірін бағалайды.

Жаңа ақпарат

S=V*t

Жылдамдық әрпімен белгіленеді.

Қашықтық S әрпімен белгіленеді.

Уақыт әрпімен белгіленеді

Топтық жұмыс: Есептей білеміз бе?

№4. Кестемен жұмыс

№5. Суретпен жұмыс

 

 

 

 

-Не байқадың?

 

 

Жеңіл машина
v = 90км/сағ
t = 2сағ
s = v • t = 90км/сағ • 2сағ = 180км
Ұшақ
v = 900км/сағ
t = 2сағ
s=v•t =900км/сағ •2сағ=1800 км
Жүк машинасы
v = 80км/сағ

ә).Тасбақа.
v = 5м/мин
t = 3 мин
s = v • t = 5м/мин • 3 мин = 15 м
Піл.
v = 100м/мин
t = 3 мин
s = v • t = 100м/мин • 3 мин = 300 м
Велосипедші:
v = 200м/мин
t = 3 мин
s = v • t = 200м/мин • 3 мин = 600 м
15м < 300м < 600м

Үйге тапсырма беру

 №6, №8, 121бет

 Үй тапсырмасын қалай орындау туралы нұсқау беру

 

Ұжымдық есеп

№7 есеп

Ұжым бойынша қағаздарда таратылып берілген есептерді флипчартқа шығару

Кері байланыс

Оқушыларға стикерлер таратылады

Оқушылар

ҰНАДЫ, ҰНАМАДЫ,  СҰРАҚ белгісін жазады

Бағалау

Топ басшысының бағалауы

Критерий арқылы бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді.

 


Пікірлер (4)

алтыбаева зауре

рахмет

Наржан

Менің қызым Жылдамдық арақашқтык ты тусинбепти

Наржан

Соны тусиндиретіні барма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер