Өлең, жыр, ақындар

Жоба тақырыбы: «Меншікті сайт жасау» 11 сынып

Бекітемін:

Күні:

Сыныбы: 11 /ЖМБ/

Пәні: информатика

Мұғалімі: Г.Қ.Рамазанова

Сабақтың тақырыбы:  Жоба тақырыбы: «Меншікті сайт жасау»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту арқылы білімдерін қалыптастыру. Оларды ақпараттық сауаттылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, көрегенділікке баулу.

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: компьютерлер, үлестірме.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Амандасу, түгелдеу, тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Дәптерін тексеру;
  • Мазмұндарын сұрау;
  • Сәйкестендір:

  • ТЕСТ-23

1

2

3

4

5

6

В

А

А

А

Д

А

ІІІ. Практикум.

Техникалық тапсырманы рәсімдеу үшін, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Жоба не туралы?
  2. Жобаның мақсаты қандай?
  3. Жобаның қолданушысы кім болады?
  4. Ұқсас тақырыптағы сайттардың (сілтемелерді көрсетіңдер) артық және кемшіл тұстары қандай?
  5. Сайтта қандай материалдарды орналастыруды жоспарлап отырсыңдар?
  6. Сайтта көшіріп алуға болатын файлдар бар ма?
  7. Парақтардың фоны қандай болады?
  8. Қандай қаріптер қолданылатын болады?
  9. Сайт қандай бөлімдерден тұратын болады?
  10. Қолданушыларға қандай сервистер ұсынуды жоспарлап отырсыңдар?

ІҮ. Сергіту сәті: «Жаңбыр» тренингі.

 

 

Ү. Практикум:

Болашақ сайттарыңның осындай сипаттамасы – сендердің жобаларыңның техникалық тапсырмасы болып табылады. Сендер оны бұдан да толығырақ жасай аласыңдар.

Болашақ сайттарыңның бірінші парағын жасамас бұрын, сайттың дизайн-макетін құрылу керек. Оны өздеріңде бар графикалық редакторда жасасаңдар болады. Егер логотип (негізгі идеяны бейнелейтін сурет) керек болса, оны дайындап, жеке файлда сақтап, содан соң макетке салыңдар. Парақтар арасындағы ауысулар мен сыртқы ресурстарға өту қалай болатынын ойластыру қажет, яғни, гиперсілтеменің түрі қандай болатынын анықтап, бейне-гиперсілтемелерді (мәзір батырмаларын) дайындап қою керек. Қарапайым және түсінікті навигация кірушілер үшін ғана емес, іздестіруші роботтар үшін де өте маңызды.

Осыдан кейін макетті бағалап, тестілеп шығу керек.

Макетке үлкен көлемді мәтін салыңдар. Иллюстрациялар қосыңдар. Көзбен қабылдау өзгерістерін бақылаңдар (мүмкін бастысын ерекшелеу, мәтінді оқу қиын болар).

Монитор шешімділігін ауыстырған кездегі макет өзгерістерін қадағалаңдар.

Адамның өзінің жасаған жұмысын дұрыс, әділ бағалай білуі сирек. Сондықтан макеттеріңді бағалауды сыныптастарыңа, ата-аналарыңа, мұғалімдеріңе немесе тапсырыс берушіге ұсыныңдар. Сайттың парақтары қаншалықты әдемі, навигациясы тым оңай болса да, ең бастысы оның мазмұны болып қала береді. Таңдалған тақырып бойынша мәтіндік және графикалық материалдар дайындаңдар. Мәтінді парақтардағы символдардың саны 400-ден аспайтындай, беті тым ұзын болмайтындай етіп бөлген жөн. Әрбір парақ үшін бірнеше түйін сөз таңдап алыңдар. Естеріңде болсын, олар қайталанбауы тиіс. Әрбір кескін үшін оларды алмастыра алатын мәтін құрастырыңдар. Тақырыбы жағынан ұқсас сайттарды таңдап алыңдар – бірнеше сыртқы сілтеме іздеушілер арасында сендердің сайттарыңның рейтінгін жоғарылатуға көмектеседі.

ҮІ. Бекіту:

Үш жақты байланыс:

1) Чемодан         2) Еттартқыш         3) Қоқыс салғыш

ҮІІ. Үйге тапсырма: §24 тақырыпты оқу. (283-288)

ҮІІІ. Бағалау.

Тақырыпты жақсы меңгердім

Сабақты жақсыдан төмен меңгердім,әлі де жұмыс жасауым қажет

Бұл тақырып бойынша көп

жұмыс жасауым қажет

 

«5»

«4»

«3»

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз