Өлең, жыр, ақындар

Wicrosoft Word мәтіндік редакторымен жұмыс. Көз жанымның айнасы (көз жаттығулары)

№21 жалпы орта білім беретін мектебі  КММ

Тақырыбы: Wicrosoft Word мәтіндік редакторымен жұмыс.

Көз жанымның айнасы. Көз жаттығулары

Пән мұғалім: Мамраева Ж.Т.   

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.

Тәрбиелілік: жек жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті  ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың еске сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі;

2. Үй тапсырмасын тексеру;

3. Білімділік сатысы;

4. Түсіну сатысы;

5. Қолдану сатысы;

6. Жинақтау сатысы;

7. Бағалау;

8. Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

2. Мәтінді белгілеу тәсілдері?

3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар.

4. Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.

5. Алмасу буфері дегеніміз не?

6. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз?

7. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.

8. Wicrosoft Word редакторында абзацты пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз?

Білімділік сатысы:

Оқушыларды екі топқа бөлу:

Тапсырмалармен танысу. «Кесте құру және мәтінмен жұмыс» тақырыбын оқу.

Тапсырмаларды өз бетімен орындап шығу.

Жолбастаушы парағына жауаптар жазу. Әр топтан 1 оқушы шығып тақырыпты талдау.

Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.

Түсіну сатысы:

Қауіпсіздік техникасының ережелерін оқушылардан сұрау (әр топтың оқушылары жеке-жеке жұмыс жасайды).

Өткен сабақты түсіну үшін «сарамандық жұмыс» орындаймыз. (оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады).

1. Мәтінді тер

2. Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.

І тапсырма

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал компьютер.

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі интерфейс деп аталады.

ІІ тапсырма

  1. Меню көмегімен Кесте – Кесте қосу/Таблица – Вставить таблица/командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
  2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.
  3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.
  4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/С деп жазыңыз.
  5. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір.

Сергіту сәті

1. Жаттығу: «Айналдыру»

Басын қозғалтпай көзді сағат тіліндей айналдыру, содан соң келесі жаққа. Екі жаққа 10 реттен. Кейін дәл солай, тек көзді жауып қайталау.

2. Жаттығу: «Жан-жаққа»

Басын қөзғамай, көзді жоғары – төмен қарай қозғау, оңға – солға. 10-15 реттен

3. Жаттығу: «Саусақ»

Саусақты кеңсірікке (переносица) қойып, саусаққа екі көзбен қарау, көзді саусақтан алмай, саусақты кеңсіріәктен баяу алу, бұл жаттығуды бірнеше рет қайталау.

4. Жаттығу: «Кім бұл?»

Көзіңізді қатты жұмыңыз да, таң қалып тұрған адам секілді көзді ашыңыз. Жаттығуды тағы 1 рет қайталаңыз

5. Жаттығу: «Жыпылықтау»

Көзді тез және қатты ашып – жұмыңыз. Жаттығуды тез және көбірек жасаңыз

6. Жаттығу: «Ұйқы»

Ал енді көзді жұмып, денеңізді еркін ұстаңыз. Ұйқыға батқан адам секілді жақсы нәрсені ойлап дем алыңыз.

Қолдану сатысы

Талдау тапсырмалары

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу

 

1.Ас адамның ..............

2................., қол батыр.

3.....................саудың, .............. сау

4................... зор байлық.

5.Әке - ................. тау, ............... – шалқар көлің

 

Қолдану тапсырмалары

Тест тапсырмалары берілген. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түсте, ал дұрыс болмаса қызыл түсте боялады.

І тапсырма

Келесі жолға өту батырмасы

ІІ тапсырма

Бірыңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма

ІІІ тапсырма

Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек?

Сергіту сәті (музыкалық қойылым)

Сабақтың қортындысы

Бағалау:

Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі  есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағалайды.

Үй тапсырмасы:

Wicrosoft Word редакторында кесте құру. Кестеге өз сыныптарының оқушыларының тізімін жазып, әрлейміз.

«Көз мергені» семинарға келген қатысушы қонақтар және оқушылармен жұмыс.

Көз жаттығушыларының түрлері жазылған брашюра таратылады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз