Сабақтың тақырыбы: «Операциялық жүйелерді баптау»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға операциялық жүйе қандай топқа бөлінеді, бума терезесінің параметрі, басқару тақтасы бумаларының терезесі туралы толық анықтама беру, көрсету, үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Басқару тақтасы бумасының терезесі бойынша практикалық тапсырмалар жасай алу.
3. Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, карточкалар, электронды оқулық., сабақта қолданатын MS Office программалары, кітап, дәптер және қосымша заттар т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сурет, психология, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.
ә) Үй тапсырмасын тексеру және талдау.
б) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру үшін қысқаша сұрақтар беріледі:
• Операциялық жүйе дегеніміз не?
• Операциялық жүйенің құрамына қандай компоненттер кіреді?
• Драйвердің қызметі не?
• Интерфейс дегеніміз не?
• Ядро деген не?
• Бір тапсырмалы және көптапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?
• Бір пайдаланушы және көп пайдаланушы операциялық жүйе дегеніміз не?
Жауаптар:
• Операциялық жүйе - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
• Операциялық жүйенің құрамына мына компоненттер кіреді: аксесуарлар (диск, тышқан, принтер) және қолданбалы программалар (графикалық, мәтіндік редактор, кестелік редактор, ойындар).
• Драйвер - компьютер құрамына кіретін әр түрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар.
• Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым - қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
• Ядро - командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне ауыстырғанда аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
• Бір тапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
• Көптапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
• Бір пайдаланушы ОЖ – компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
• Көп пайдаланушы ОЖ – қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамассыз етеді.
Жаңа сабақты түсіндіру: Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады. Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау.
2. Негізгі менюді баптау.
3. Басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі – Параметрлер.....
Командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады.
Бума (Папка) қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға өту ушін экранда буманы «алмастыру» режимін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.
Қарап (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және өшіреді.
Келесі Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін (жаңа кеңейтулер) қосуға мүмкіндік береді.
Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню (Баптау – Тапсырмалар тақтасы) немесе Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) контекстік менюінің Қасиеттер командалар көмегімен орындайды. Екі команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезе шақырады.
Басқару тақтасы бумасының терезесінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз: Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан және т. б.
Егер керекті белгіні екі рет шертсеңіз, экранда нақты баптау мақсатына қарай атқаратын қызметін түсінуге болатын диалогтік терезе пайда болады.
Параметрлерді берген соң ОК немесе Болдырмау (Отмена) батырмасын басу қажет.
Оқушылар тапсырманы орындамас бұрын, қауіпсіздік ережесін қайталап кетейік.
Оқушылар бүгінгі өтілген тақырып бойынша тапсырмалар жасау:
1. Уақыт пен күнді баптау.
2. Жұмыс үстелін баптау.
3. Қыстырма бет параметрлерін баптау.
4. Тышқанды баптау.
5. «Пуск» батырмасын баптау.
Оқушыларды 3 топқа бөлемін.
1 - ші топ: «Word Pad»
2 - ші топ: «MS Word»
3 - ші топ: «Paint»
1 - тапсырма:
Оқушыларға тапсырмалар таратылады.
Оқушылар интерактивті тақтамен әр түрлі тапсырма орындау.
2 - тапсырма:
Психологиялық ойын:
Заттарды пайдаланып, қысқаша күнделікті өмірден алынған үзінді немесе скетч құрастырып жеріңдер.
3 - тапсырма:
Электрондық оқулықты пайдаланып, оқушыларға тест тапсырмасы беріледі. Оқушылар әр түрлі модуль бойынша тест жұмысын жасау керек.
Әр топ басшысы өз командасына сергіту немесе жаттығу жасау.
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Windows жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?
2. Басқару тақтасы бумасының міндетін айтып бер?
3. ОЖ баптау қанша топқа бөлінеді және олардың айырмашылығы неде?
Сабақты қорытындылау:
Мұғалім сөзі:
Сендер менің байлығым – оқушыларым,
Үміт еткен мақсатым, бар арманым
Мен жетпеген шыңдарға сендер жетсең,
Орындалар өмірде бар арманым.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: 40 - 48 беттерді мәнерлеп оқу, түсіну.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі