Шығыс Қазақстан облысы. Өскемен қаласы. “Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы” Информатика пәні мұғалімі Байрова Гүлназ Оралбекқызы.
І кезең: Сабаққа дейін
1. Мотивация (қозғаушы күші):
Бұл тақырып Excel кестелік процессорға арналған негізгі тақырып. Осы сабақта кестелік процессорда деректерді өңдеу формулаларымен танысып, оның мүмкіндігін, тиімді жолдарын анықтауды, жазуды меңгеруі қажет.
2. Алғы шарттар:
Кестелік процессорда берілгендерді енгізу және редакциялауды оқып үйренгендіктен жаңа тақырыпты оқу барысында логикалық талдау жасауға, өзгелермен ой бөлісіп ойын тиянақтауға, тапсырмаларды орындауға мүмкіндіктері бар.
3. Мақсаттар:
1. Білімдік:
формула енгізуді; функция батырмасы көмегімен формула шақыруды; сілтемелерді көшіруді үйренеді;
2. Дамытушылық:
Формула енгізу ережесін дәлелді жеткізе білуге, өз ойын түйіндеуге, бірнеше тапсырма түрлерін орындағанда қолдана білуге дағдыланады;
3. Тәрбиелік
Өзгенің ойын тыңдай білуге, сыйлауға, уақытты үнемдей білуге баулыймын;
4. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша жүргіземін.
10 балдық жүйе:
10-9 балл - «5»
8-6 балл – «4»
5- балл – «3»
№ |
Оқушылардың аты-жөні |
Не ортақ (1 балл) |
Постермен жұмыс (2 балл) |
Деңгейлік тапсырма (2 балл) |
Компьютермен жұмыс (5 балл) |
Барлық балы |
Бағасы |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
5. Қажетті материалдар және уақытты меңгеру
Интерактивті тақта, флипчарт, видеоролик, стикер, бағалау парағы;
Қызығушылықты ояту- 10 мин;
Мағынаны ажырату-10 минут;
Ой толғаныс- 25 мин;
ІІ. Сабақ кезеңі:
№ |
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Нәтижесінде |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 |
Қызығушылықты ояту
|
«Сәлем» жаттығу ұйымдастырамын: - Сәлем достым? (қолмен амандасу) - Сен қалайсың? (иықтарын қағады) - Қайда болдың? (құлақтарын тартады) - Жақсы болды? (қол шапалақтау)
Сыныптың оқушыларын жапырақ түстеріне қарай топқа орналастырамын.
Топқа атау беріледі. 1-топ: Салыстырмалы 2-топ Абсолют 3-топ Аралас
Көшбасшыға бағалау парағы тапсырамын
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Салыстырмалы, Абсолют, Аралас Не ортақ? Сұрақ қойамын Жапырақтарға ойларын жаздырамын.
Даналық ағашына жапыраққа ілдіремін
|
Оқушылар видеороликті қарап тұрып қайталайды.
Оқушылар топқа бөлінеді. Іштерінен көшбасшы шығарады.
Оқушылар «ой қозғау» арқылы ойланады. Әркім өз ойларын айтады.
Болжау жасайды. Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады, көз жеткізеді. Топта талқылайды. Оқиды |
Бір-бірімен амандасады;
Топқа бірігеді
Оқушылар жаңа топпен жұмыс істейді
2 мин «Болжау» стратегиясы
Даналық ағашына іледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия |
Бүгінгі сабақтан мен нені күтем. - MS Excel бағдарламасы туралы мәліметтерін толықтырады. - MS Excel бағдарламасында формуланы қолданып уақытты үнемдеуге болатындығына көз жетікізеді. - MS Excel бағдарламасында сілтеме қызметімен танысады және қолдана біледі.
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мағынаны ажырату
|
«Қос жазба күнделік»
Әр топқа тақырып бөлінеді.
Тақырыпқа сай қосымша тапсырмалар бөліп беремін. Тапсырманы жұппен орындайды
|
1-топ: Формуланы енгізу, көшіру 2-топ Салыстырмалы және абсолют сілтемелер 3-топ Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру . Деңгейлік тапсырмалар: Компьютерде MS Excel бағдарламасында жеке жұмыстар жасау арқылы. «Тапсырмалар» құжатын ашу.
2 - тапсырма Сандардың арифметикалық ортасын табу.
3-тапсырма Формула көмегіменсандардыдәрежеле
|
Оқулықпен жұмыс
Топтық жұмыс
Постерге түсіріп Көшбасшы қорғайды
Жұппен жұмыс
Жұппен шығып қорғайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ой толаныс
|
Оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырамын.
Зертханалық жұмысты таратпа қағаздармен беремін.
|
Көзге арналып жасалынған видеороликті қайталайды.
Зертханалық жұмыс Сабақтың немесе үзіліс ұзақтығының өзгеруімен бірге қоңырау кестесінің өзгеретін электрондық вариантын құрыңдар: Орындау реті: 1. Ұяшықтарға мәтіндер енгізу: А1-«Қоңырау кестесі», В3 ке «Сабақтың басталуы», С3 ке- «Сабақтың басталуы», С3 ке – «Сабақтың аяқталуы», А4:А10-ға «1 сабақ», «2-сабақ» ..., «7-сабақ», Е3 «Сабақтың ұзақтығы», Е4 ке «Үзілістің ұзықтығы» 2. Бастапқы мәндерді енгізіңдер: В4 ұяшығына 8:30, F3-ке ұяшығына 0:45, F4 ке 0:10 3.Қалған ұяшықтарға мынандай формула енгіземіз: Сабақтың аяқталуы: «Сабақтың басталуы» +«ұзақтығы» формуласымен есептеледі. Бұл үшін қандай формула жазу керек? 4.Қалған сабақтардың бәрінің басталуы алдыңғы сабақтың аяқталуы уақыты мен үзіліс ұзақтығының қосындысы ретінде анықталады. В5 ұяшығына қандай формула жазылады? 5. Енгізілген формулаларды ұяшықтардың с»йкес аймақтарына көшіріңдер, абсолюттік адрестеуді ұмытпаңдар. |
Өздік жұмыс орындалады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Рефлексия қайта ораламын. Оқушылар ойын сұраймын. Мақсаты: Оқушылар сабаққа кері байланыс: жазу арқылы білімдерін жүйелеу үшін қолданамын |
Бүгінгі сабақтан мен нені күтем. - MS Excel бағдарламасы туралы мәліметтерін толықтырады. -MS Excel бағдарламасында формуланы қолданып уақытты үнемдеуге болатындығына көз жетікізеді. - MS Excel бағдарламасында сілтеме қызметімен танысады және қолдана біледі. |
«Алма» стикеріне келесі сабақта нені үйренгім келеді. Жазады; топта оқылады. Дана ағашына ілінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма |
|
Формуланы енгізу және көшіру |
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау |
Қорытынды бағаны өзім қояамын |
Көшбасшы бағалау парағы бойынша қорытындылайды. Хабарлайды. |
бағалау критерийлер арқылы бағалайды. |
ІІІ кезең. Сабақтан кейін
Қолданған стратегиялар: Ой қозғау, Болжау, Кос жазба күнделік. Бұл стратегиялар көмегімен оқушыға бүгінгі сабақ туралы ой сала отырып, ойлануды ұйымдастырдым. Жекелей, жұппен, топпен жұмыс ұйымдастыра отырып, сыныптың электронды кестелер тарауына қызығушылығын арттырдым деп ойлаймын. Алған білімдерін ары қарай өз бетінше білімін келесі сабақта қолдана алуына мүмкіндік бердім.
«5»- 4; «4»- 9; «3»- 2;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі