Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі. Жұмыс істеудің бастамасы. Windows объектілері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелімен, объектілер мен
басқару элементтерімен таныстыру
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілетін және жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізгілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. "Бетпе бет" (Үй тапсырмасы)
ІІІ. "Мағынаны ажырату" (Жаңа сабақ)
ІV. "Миға шабуыл" (Сабақты бекіту)
(Электрондық оқулықпен тапсырма)
V. " Б Б Ұ" кестесі. Қорытындылау.
VІ. Бағалау. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру. Сыныппен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын. «Бетпе – бет» ойыны арқылы балалар бір біріне сұрақ қояды.
1. Компьютер жады қандай түрлерге бөлінеді?
2. Ішкі жады неден тұрады?
3. Сыртқы жадының қандай құрылғылары бар?
4. Оптикалық дискінің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?
6. Драйверлердің рөлі неде?
7. Операциялық жүйе дегеніміз не?
8. Интерфейс дегеніміз не?
9. Қолданбалы программалар қалай жіктеледі?
10. Программалау жүйесі не үшін қажет?
Операциялық жүйе – кез келген компьютердің ең қажет құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны.
Операциялық жүйе – адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Windows XP – бұл операциялық жүйе, терезелер мен таңбашалар түрінде бейнеленетін негізгі объектілер.
Windows объектілерін басқаруды, негізгісі тышқан болып саналатын, әр түрлі құрылғылармен жүзеге асыруға болады.
Жұмыс істеудің бастамасы
Компьютердің жүйелік блогының алдыңғы бетінде орналасқан Power деп аталатын қосу/өшіру батырмасын басып, оны іске қосыңдар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі