Өлең, жыр, ақындар

Графикалық редактор PAINT

Оңғар Орманов атындағы жалпы орта мектептің

Информатика пәні мұғалімі: Ақмырзаева Назгүл

 

Пәні:  Информатика   

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор PAINT

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларда PAINT, оның элементтері, түрлері, қасиеттері, PAINT графикалық редакторының үзінділерімен жұмыс істеу командалары туралы түсінік қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Оқылған материалды, қорытындылай, салыстыра білу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білу  қабілетін өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып есте сақтау, ойлау қабілетін, компьютерлік іскерлігін дамыту.

3. Тәрбиелік: еңбекке, қоршаған ортадағы көрген дүниесін бейнелей білуге, жылдамдыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өзін бағалай алуға, сенімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: оқушы білімін бекіту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жарыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд, презентация, бағалау парақтар, түрлі-түсті қағаздар

Пәнаралық байланысы: геометрия, бейнелеу өнері

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын ескерту, назарларын сабаққа аудару психологиялық сәт

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тест сұрақтары:

  1. PAINT графикалық редакторын іске қосудың дурыс ретін көрсетіңіз?

Пуск-программы-стандартные PAINT

Пуск-стандартные-PAINT

Пуск-программы-PAINT

2. Paint графикалық редакторында тік төртбұрыш салу үшін қандай құралды пайдаланамыз?

Түзу сызық

Қисық сызық

Тік төртбұрыщ

3. Paint графикалық редакторында суретті бояу үшін қандай құралды пайдаланамыз?

Құю

Бүріккіш

Қылқалам

4. Жай күй жолында не беріледі?

Инструменттер

Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат

Файлдың аты

5. Көпбұрышты қолдана отырып шеңберді сыза аламыз ба?

Сызуға болады

Болмайды

Тек shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады

6. Дұрыс фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?

Alt

Ctrl

Shift

7. Өшіргіштің қандай режимдері болады?

Қарапайым және түрлі-түсті

Қарапайым және күрделі

Жұмсақ және қатты

III. Сергіту сәті:

Интерактивті тақтада көрсетілген видео мен жаттығу

IV. Жаңа сабақ:

Компьютермен жұмыс істеу.

Paint программасын қосыңдар

Суретті өзгерту үшін оны ең алдымен тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады. Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.

Бүгінгі сабақта біз аққала мен шырша саламыз.

Біріншіден:

Жұмыс аймағында эллипс,сызық,кесінді,қарындаш,бүріккіш құралдарын пайдаланып, қардан адам салыңдар. Шыршаны сызғанда, сызық құралын пайдаланыңдар.

Екіншіден:

Құю құралын пайдаланып, шыршаның өзегін қоңыр түспен, бұтақтарын жасыл түспен бояңдар.

Үшіншіден:

Шелекті қызыл түспен бояңдар.

Төртіншіден:

Бүріккішті пайдаланып, қар адамының түймелерін салыңыз.

V. Сабақты бекіту.

Интерактивті тақтада жұмыс істеу. Жаңа сабақта өткен құралдар мен командаларды пайдаланып,тақтаға сурет салу. Оқушыларға суреттердің үлгілері беріледі. Олар суреттерін компьютерде салады. Бір оқушы тақтаға шығып өз еркімен сурет салады.

Қасқырдың суретін мүшелеп әр оқушы бір-бірін толықтырып тақтаға салады.

VI. Қортынды. Балалар сендер бүгінгі сабақта не үйрендіңдер, не білдіңдер

Рефлекция. Тақтадағы кестеге өздерінің смайликтерін жабыстырады. Смайликтерде көңіл-күйдің түрлері бейнеленген.

Бағалау. Сабақ барысында алған білімдеріне байланысты бағалау.

VII. Үйге тапсырма

Ребус кұру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер