Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы:
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XIII ғасырдағы Монғол мемлекетінің құрылуы, саяси құрылымы, басқыншылық саясаты және ұлы қолбасшы Шыңғысхан өмірі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың қабілеті мен ізденісін дамыта отырып, өз бетінше қорытынды жасауға, жеке тұлғаны қалыптастыруға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Бейбітсүйгіштікке, адамгершілікке, өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру.
Түрі: Саяхат сабақ, дебат
Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.
Жабдықталуы: Интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс:
Көрнекілігі:
Эпиграф
«Тарих - адамзаттың, одан қала берді әр халықтың өткенінің тәжірибесін жинақтап, жақсысынан үлгі, жаманынан сабақ алатын ұлы мектеп.»
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Ой қозғау
Сұрақ:
Оқушылар Сіздер Леонид Гайдайдың «Иван Васильевич меняет профессию» фильмін көрдіңіздер ме?
Ондағы киноактер Александр Дымяненко (Шурик) не ойлап тапты?
Белгілі киноактер қай мемлекетке саяхатқа барды?
Ал біз қай елге саяхатқа барамыз? Оның жауабын білу үшін бейнефильм тамашалайық.
«Шыңғысхан » бейнефильмінен үзінді көру.
Бұл қай фильмнен үзінді?
Олай болса қазір біз сол уақыт машинасы арқылы қаһарлы Иванның еліне емес, монғол империясына саяхатқа барамыз.
Александр Демьяненконың уақыт машинасын іске қосу үшін үш тапсырма орындауымыз керек.
№1 тапсырма. «Зымыран сұрақтар»
№2 тапсырма. «Ұшқыр ой»
Әл Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында қандай кеңестер беріледі? (Ізгі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, бай да алаңсыз өмір сүруі мемлекет басшысының ақыл ойына байланысты. Әділетсіздікпен біреудің елін жерін жаулап алушылықты әшкерелеп, халықты білімге шақырады).
№3 Тапсырма «Тұлғалардың еңбектерін көрсетіңіз».
(Егер сәйкестендіру дұрыс жүргізілсе, уақыт машинасы бізді Монғолдар еліне саяхатқа апарады).
Махмут Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі»
М. Х. Дулати «Тарих-и-Рашиди»
Қожа Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Әбу Насыр- Әл Фараби «Бақытқа жету»
III. Жаңа сабақ
Жоспар
3. «Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы» бейнефильм
4. Жаулап алудың зардаптары
IV. Сабақты қорытындылау кезеңі
Моңғолдар елінен тәуелсіз елге оралу үшін үш тапсырма орындау қажет.
«Сарапшылар» тобының тапсырмасы
«Математиктер » тобының тапсырмасы
|
|
Болған оқиғасы |
|
1206 жыл |
Онон мен Керулен өзенінің жағасында Темүжінді хан сайлайды. |
|
1211 жыл |
Қытайдың соғыс техникаларын қолға түсірді. |
|
1227 жыл |
Шыңғысхан қайтыс болды. |
|
1217 жыл |
Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. |
«Тарихшылар» тобының тапсырмасы:
«Шыңғысханның тарихтағы орнына қандай баға берер едіңіз?
1- оқушы /Шыңғысханды даттаушы/:
Шыңғыс хан - шын мәнінде өте дарынды, ұлы қайраткер. Оның әскер топтастыру, күрескерлік қасиеті күні бүгінге дейін салтанат құрып келе жатыр. Бұл жағынан онымен ешкім теңесе алмайды. Бірақ бұл жерде бір ақ нәрсені ескеру керек. Шыңғыс хан 900-ге тарта қаланы күл талқан етіп, оның ішіндегі Қазақстанның аумағына қарасты 26 қаланы жермен жексен еткен. Онымен қойған жоқ, әлемнің екінші Аристотелі атанған Әбу Насыр әл –Фараби сияқты ұлы Философты туған Отырардағы Александрия кітапханасынан кейінгі ең үлкен, аса құнды, кешегі мен бүгінгі тарихты жалғастырып тұрған бай кітапхананы қиратып, біржолата құртып жіберді. Отырарда Әбу Насырдан басқа отызға жуық Әл Фараби болған, соның бәрін жер құштырды. Оның бұл қылмыстарын қалай бағалауымыз керек? Шыңғысхан менің ойымша жағымсыз кейіпкер. Сондықтан тарих оған өз жазасын беру керек деп есептеймін.
2 - оқушы /Шыңғысханды жақтаушы /:
Шыңғыс ханның тарихын, оның өмірбаянын және атқарған ісін біржақты қарамау керек. Өйткені, ол негізінен арғы-бергі адамзат тарихындағы ең үлкен империя құрды. Мысалы, оның шапқыншылық әрекетін шапқыншылық деп ашық айтып, өзінің мемлекетін құру үшін атқарған ісін өз мемлекеті үшін ілгерілеу, өркендеу шараларын жасады деп бағалауға тиіспіз. Империя құрғаннан кейінгі өмірін, ол мемлекеттің қуаттылығын бұл империяның өмір сүрген заманымен салыстырып қарау керек. Яғни, Шыңғыс хан құрған империяның дүниеде ең көп жасаған империя екендігіне баса мән беру, оның өркендеу кезеңдерін толыққанды саралау қажет. Мысалы, ол құрған Алтын Орда 260 жыл, Қытайда құрған Юань империясы 1368 жылға дейін, яғни 131 жылдай өмір сүрді. Қорытындылай келе, Қазақтың мемлекет болып қалыптасуына Шыңғыс ханның, оның тұңғышы Жошы ханның сіңірген еңбегі орасан. Жошыдан бастап, Кенесарыға дейінгі қазақтың барлық хандары –Шыңғыс ханның ұрпақтары. Сондықтан қазақ тарихы Шыңғыс хансыз айтылуға тиісті емес, ол өз заманының нағыз кемеңгері.
3 - оқушы /Шыңғысханды даттаушы/:
Шын мәнінде, Шыңғыс ханның Батыс жорығы ұлы жаһангердің өмірінің мақсаты еді.
Шыңғыс хан ардақтымыз, ұлттық мақтанышымыз, ұлттық символымызға айналған көне қала Отырарды ойрандады, құндылықтарды күйреткенін де жасырмауымыз керек. Мәдениетке медеу, өркениетке медет боларлықтай қандай іс қалдырды, соны бір ойлап көрсек несі айып. Көзсіз табынғанша тануға ұмтылған жөн шығар. Егер де Шыңғысханға қазақтың ұлттық мүдесі тұрғысынан қарасақ, кесене түгелі кесек дуал да салдырмаған, артына қираған қалалардан басқа ешнәрсе қалдырмаған Шыңғысханды ту көтеру не үшін керек? Әлемді білімділікпен емес, тот басқан қылышпен қорқытқымыз келе ме? Сондықтан Шыңғыс хан дауына нүкте қойдым. Менің пікірімше Шыңғысхан жаулап алушы, басқыншы. Тиранның аты қашан да тиран.
4- оқушы /Шыңғысханды жақтаушы/:
Әрине,сөзіңіз аузыңызда, күні кешеге дейін Шыңғысхан бізге қарақшы, қанішер, жауыз ретінде танылып келді. Қазір соның бәрі бекер сөз, жалған екенін біле бастадық. Өз басым Шыңғысханды аса зор тұлға деп білемін. Ұлы қаған қазақ тарихында үлкен орын алады.
Тарих оған өз жазасын беру керек дейсіз, мен ол пікіріңізге келіспеймін. Шындығында Тэмучинді Шыңғысхан еткен –сол кездегі жаугершілік заманда атадан балаға мирас болған қанды кек пен өшпенділік оты емес пе?
Мұғалім :
Тарихшыларға үлкен рахмет. Әрине бәрі де орынды айтылған ой деп білеміз. Бұндай ой түйінді Шыңғысханды көп зерттеп, үлкен ізденістік танытқан оқушы ғана осындай тоқтамға келеді. Демократиялы қоғамда әр адам өз ой –пікірін ортаға салады. Ал тарих болса, оны өз орнына қойып, ертелі кеш бағасын берері хақ.
Міне, оқушылар уақыт машинасымен Сіздердің біліктіліктеріңіздің арқасында тәуелсіз елімізге қайта оралдық. Тарих беттерін парақтай отырып, жаугершілік заманның куәгері болдық. Қазір біз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда тыныш, бейбіт, тәуелсіз өмір сүріп жатырғанымызға шүкір.
V. Сергіту сәті
Егер мектепке қуанышпен келсеңдер, қолдарыңды бұлғаңдар.
Егер адам бойындағы адалдық пен шыншылдықты бағаласаңдар, үш рет қолдарыңды соғыңдар.
Егер ел тағдыры мен тарихына алаңдасаңдар, бір қадам алға басыңдар.
Егер ел болашағына үлесім бар десеңдер, бір-біріңнің қолдарыңды алып, бәріміз бірге:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені,
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Жаса, Қазақстан!
Бастай бер бізді алға,
Ант етеміз шын жүректен
Оқимыз, өрлейміз биік шыңдарға.
VІ. Бекіту кезеңі
А. Оқушылардың білімін бағалау.
«Екі жұлдыз, бір тілек». (Сабақтан алған әсері туралы және өз тобындағы белсенді оқушыларды анықтай отырып, топбасшысы бағалайды).
В. Үйге тапсырма:
Мұғалім сөзі:
Ақиқат пен жалған, сенім мен күдік, адалдық пен арамдық, ізгілік пен қиянат, ерлік пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерінің болмыс заңдарын бойларыңа сіңіре отырып, өткен тарихтан сабақ алып, егеменді еліміздің еңселі азаматы болып тәрбиелене беріңіздер.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі