Алматы қаласы
Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Биімбетова Іңкәр Сәруарқызы
1-сынып
Математика пәні
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 9 санының құрамымен таныстыру.
білімділік: 9-ды екі санның қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету. Цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету
дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
тәрбиелік: Оқушыларды, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: 9-ға дейінгі цифрлар, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты пысықтау: Үйге: 9 цифрын жазып келу тапсырылған және 9-ға дейін тура және кері санату.
Жаңа сабақты бастамас бұрын, өткен сабақты еске түсіре 2-ден 7-ге дейінгі сандардың құрамын қайталай отырып,жаңа сабаққа дайындық жасау.
«Өз үйіне орналастыр»» ойыны
1+1,3+3,2+3,4+2,3+4,2+4,1+5,3+1,6+1,4+1,5+2,2+2,
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ.Жаңа сабақ:9 санының құрамы.
9 өрікті алып,оны қалай тарелкаға бөліп салу керектігін түсіндіреміз ,сонда 9= + қосындылары құрастырылады.
9=0+9 9=9+0
9=1+8 9=8+1
9=4+5 9=5+4
9=2+7 9=7+2
9=3+6 9=6+3
Қосындыға кері амал жазып, айырма құрастырайық:
9-0=9 9-9=0
9-1=8 9-8=1
9-2=7 9-7=2
9-4=5 9-5=4
9-3=6 9-6=3
ІҮ.Сергіту жаттығуы.
Мереке қарсаңында ұлдар қыздарға бір-бірден шар сыйлады, сонда 3 қызыл шар, 4 сары шар және 2 көк шар болса, сыныпта неше қыз болғаны? (9)
Ү.Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы тапсырма суреттерге қарай отырып,9 цифрды пайдаланып,9 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау.
9=7 2 9=2 7
9=3 6 9=6 3
қосудың ауыстырымдылық заңы айтылып кетеді.
2-тапсырма
8+1=9 7+2=9 5+4=9
9-7=2 9-7=2 9-5=4
VI. 3-тапсырма:Қызыл түсті кесінді 9см,көк кесінді 7см,оларды салыстыр.
9см және 7см, 7см және 9см
Көк кесінді 2см қысқа,ал қызыл кесінді 2см ұзын.
VII. Қорытынды:9 санының құрамын айт.
VIII. Үйге тапсырма:Дәптер таратылып,оның ішінде «9 санының құрамын тап»деген тапсырма беріледі.
ІХ.Бағалау. Оқушылар белсенділігіне байланысты мадақтау арқылы бағаланады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі