Өлең, жыр, ақындар

9 санының құрамы

Алматы қаласы

Абай атындағы орта мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі Биімбетова Іңкәр Сәруарқызы  

 

1-сынып

Математика пәні
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 9 санының құрамымен таныстыру.
білімділік: 9-ды екі санның қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету. Цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету
дамытушылық: Оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын, ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
тәрбиелік: Оқушыларды, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,  ойын, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: 9-ға дейінгі цифрлар, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
 Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты пысықтау: Үйге: 9 цифрын жазып келу тапсырылған және  9-ға дейін тура және кері санату.
Жаңа сабақты бастамас  бұрын,  өткен сабақты еске түсіре  2-ден 7-ге дейінгі сандардың құрамын қайталай отырып,жаңа сабаққа дайындық жасау.
«Өз үйіне орналастыр»» ойыны
 1+1,3+3,2+3,4+2,3+4,2+4,1+5,3+1,6+1,4+1,5+2,2+2,

23456                                5                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІІІ.Жаңа сабақ:9 санының құрамы.
9 өрікті алып,оны қалай тарелкаға бөліп салу керектігін түсіндіреміз ,сонда 9=      +        қосындылары құрастырылады.
9=0+9    9=9+0    
9=1+8    9=8+1  
 9=4+5    9=5+4
9=2+7    9=7+2
9=3+6    9=6+3    

Қосындыға кері амал жазып, айырма құрастырайық:

9-0=9    9-9=0
9-1=8    9-8=1
9-2=7    9-7=2
9-4=5    9-5=4
9-3=6    9-6=3
ІҮ.Сергіту жаттығуы.
Мереке қарсаңында ұлдар қыздарға бір-бірден шар сыйлады, сонда 3 қызыл шар, 4 сары шар және 2 көк шар болса, сыныпта неше қыз болғаны? (9)

Ү.Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы тапсырма суреттерге қарай отырып,9 цифрды пайдаланып,9 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау.
9=7  2    9=2  7
9=3  6    9=6  3    
  қосудың ауыстырымдылық заңы айтылып кетеді.
2-тапсырма
8+1=9    7+2=9    5+4=9
9-7=2    9-7=2    9-5=4
VI.  3-тапсырма:Қызыл түсті кесінді 9см,көк кесінді 7см,оларды салыстыр.
9см  және 7см,      7см және 9см
Көк кесінді  2см қысқа,ал қызыл кесінді 2см ұзын.
VII. Қорытынды:9 санының құрамын айт.
VIII. Үйге тапсырма:Дәптер таратылып,оның ішінде «9 санының құрамын тап»деген тапсырма беріледі.
ІХ.Бағалау. Оқушылар белсенділігіне байланысты мадақтау арқылы бағаланады.
 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер