Өлең, жыр, ақындар

Мұрын. Тіл

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Бөлік   2 А ,     - сабақ

Мектеп: № 101

Мерзімі: _______________

Оқытушының аты-жөні: Әуелбекова Нүргүл Әуелбекқызы

Сынып: 1 «     »

Қатысқан оқушылар саны: _____________

Қатыспағандар саны:

________________           

Сабақтың тақырыбы: Мұрын. Тіл.                                                                                          2 сағ.

Осы сабақтың оқу мақсаттары:

Сезім мүшелерімен танысады. Оларға сақтықпен қарауға, гигиеналық талаптарды орындауға үйренеді. Мұрынның иіс сезу мүшесі екенін біледі.

      Сабақтың мақсаты

                                    Барлық оқушылар:

Сезім мүшелерін атай алады.

Олардың қызметін біледі

 

Оқушылардың көпшілігі:

Мұрынның қызметін және оны күту жолдарын біледі.

Тілдің дәм сезу мүшесі екенін біледі, дәлелдей алады.

 

Кейбір оқушылар:

Адамдар арасындағы сыртқы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды (мұрын, шаш,көз т.б)

Тілдік мақсаттар

 

Бұған дейін меңгерілген білім

Оқушылар дене мүшелерін атай білуі тиіс

 

Оқушылар:

Өздерімен басқа адамдардың арасындағы ұқсастықтар мен

айырмашылықтарды талқылайды.

 

Пәндік лексика және терминдер:

Мұрын, тіл, көз, құлақ, тері

Бірдей, басқа, ең биік, ең аласа, кең тараған, сирек кездесетін

 

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Біздің ұқсастығымыз неды?

Біздің арамыздағы айырмашылықтар қандай?

 

 Жоспар

Жоспарланған

   уақыт   

                         Жоспарланған жаттығулар

   Дерек көздері

    Басы

 

   0 – 7 мин

  

 

 

 

     Ортасы

  8 – 15 мин

 

 

 

 

 

 

  16 – 24 мин

     

 

 

 

    25 – 30 мин

 

 

        Соңы

 

   30 – 35 мин

     36-40 мин

Топқа бөлу.

Жыл мезгілдеріне қарай топқа бөлу.

Ширату.

«Гүлдің өсуі» әуен ырғағымен қимылдау

 

Оқушылар ширатуды орындап жатқанда, байқатпай апельсинді аршу. Оқушылардың өздері апельсиннің иісін сезеді. Иісті қай мұше арқылы сезгендіктерін анықтау. Сонда иісті мұрын арқылы сеземіз. Мұрын –иіс сезу мүшесі. Осы апельсиннің дәмі қандай деп ойлайсыңдар? Деген сауал қою. Оқушылар түрлі жауап айтады. Дәмді тілмен сезеді. Тіл-дәм сезу мүшесі. Тағамның ащы, тұщы, тәтті, қышқыл екенін осы тіл анықтайды. Тіл-әрі сөйлеу мүшесі.

 

«Сен білесің бе?»

Тіл ұшы-тәттіні ажыратады. Ал тіл шеттері қышқыл мен ащыны жақсы ажыратады.

 

 

Сурет бойынша сұрақтар қою, тәжірибе жасау

 

Мезгіл белгілері

 

 

 

 

Апельсин жемісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілдің құрылысы бейнеленген сурет

Қосымша ақпарат

Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Ынталандырушы сұрақтар мен, таратпалар

  Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

 Бүгін оқушылар нені  үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Оқушыларға дифференциация табысты болды ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бағалау – оқушылардың жетістігі мен білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Топтық, жұптық, вербальді, критерилер арқылы бағалау жүреді.

Пәнаралық байланыс:

Еңбекке баулу, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі, дүниетану.

                                                               Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге байланысты)

1.

2.Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз