Сан есім туралы берілген білімді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы берілген білімді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, дара күрделі сан есімдер туралы білімдерін одан әрі толықтыра түсу.
Дамытушылығы: оқушылардың өздігінен талдау жасай отырып, сауаттылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: ізденімпаздыққа, мейірімділікке, ұқыптылыққа, тәрбиелеу, туған жеріне, тілін құрметтеуге баулу.
Түрі: пысықтау сабағы.
Әдісі: сто,бис, сұрақ жауап, ой қозғау
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, парақшалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»- ке қолды жеткізу
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
ІІI Мағынаны тану.
- Қандай тарауды аяқтағалы жатырмыз?
- Сөз таптары туралы не білеміз?
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
- Сөз таптарының ережелерін пысықтау.
- Ой қозғау
Зат есім Сын есім
Сан есім Етістік (Топтастыру)
- Слайд (сан есім түрлері сұрағы)
- Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты.
- Дәптермен жұмыс
- Көркем жазу сәті Мм Мм Әріпке байланысты сөздер жазу
- Нақыл сөздер. М.Мақатаев
- Терме диктант. ( слайдтан сан есімдерді теріп жазу, жұптасып тексеру, бағалау)
Оқулықпен жұмыс
482- жаттығу. (ауызша талдау)
- Сан есімдерді ата, дара сан есім, күрделі сан есімдер
- Сан есімдерді ажырату
- Қыңыр кісі - қандай адам талдау?
- Ал сіздер ішінде сан есімі бар мақал мәтел білесіздер ме?
- Мақал мәтелдер айтысу
483 – жаттығу
- Жатқа жазу
- Өзін өзі бағалау ( салйдтан тексере отырып)
- Сан есімдерді табу
- Жұмбақ шешу бойынша он екі ай, отыз күн.
- Сан есіммен зат есімнің байланысын талдату.
- Қызықты деректер (видео ролик көрсету )
- Бір таңбалы, екі таңбалы сандарды ажырату, дара, күрделі сан есім екенін дәлелдеу
- Бис технологиясы бойынша бір минут ішінде қазақ тілінде пайдаланатын сөздер жазу.
- «Не үшін ?» тренинг (ауызша слайд арқылы талдау)
Сергіту сәті.
- Достық ынтымақ, бірлік мерекесі видео ролик қимылды ән айту.
«5 ерікті» тренингі
- Әліппе ретімен сан есімдерді атау
- Мысалы: алты, бес. Т.б.
IY. Сабақты бекіту. Қорытынды
- Ау, еу ыншы, інші, қосымшалар арқылы реттік есептік, жинақтық сан есімдерді құрастыру, түрлендіру.
- Сабақ соңындағы көңіл күйлерін түстер арқылы көрсету.
Y. Бағалау.
Оқушыларды мадақтау, ынталандыру.
YI. Үйге тапсырма.
485 – жаттығу, Сан есімдерге байланысты тыйым сөздер жаттап келу.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі