Өлең, жыр, ақындар

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Белес ауылы

Белес ЖОБМ балабақшасының

информатика пәні мұғалімі

Изтелеуова Жазира Амановна

Сыныбы 5а

Күні: 4.02.2015

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту

Мақсаты

WordPad мәтіндік редактормен таныстыруды жалғастыру.

 

Күтілетін нәтижелер

 

 

А. Мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін біледі.

В. Компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі.

С. Мәтіндік құжатты әр формада сақтауды істей алады.

 

Керекті жабдықтар

 

 

ДК, Информатика  - 5 сынып. А. Вьюшкова, Н.Параскун, Б.  Әбенов. 2013 ж. Арман – ПВ, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, флипчарт

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалі мәрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

3 мин

 

 

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылармен амандасу, түгендеу топтастыру. «Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.

Топқа бөлу техникасы: Paint графикалық редакторының құралдары арқылы топқа бөлу. Топта басшы, хатшы, баяндамашы, таймкипер тағайындау.

Оқушылар Paint графикалық редакторының құралдары арқылы топқа бөлінеді.

  1. Палитра: қызыл, көк, сары.
  2. Сурет салу құралдары: фигура, өшіргіш, мәтін, бүріккіш.
  3. Paint программасының терезесі: Сурет салу аймағы, жай-күй жолы, жолақ

 Әр топ өз басшысын, хатшысын, баяндамашысын, таймкиперін тағайындайды.

Тұсаукесер

 

 

 

 

3 мин

 

4 мин

 

 

Серпілген сауал әдісі арқылыүй тапсырмасын сұрау

 

«Анаграмма» шешу арқылы бүгінгі өтілетін тақырыпты ашу.

Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып жауап алады.

Бас бармақ әдісі арқылы бағалау.

Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар

1

Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы

А

Ақпарат

2

Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ

Е

Жұмыс аймағы

3

Бұл – объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы

Д

Терезе

4

Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан

К

Интерфейс

5

Адам мен компьютер арасындағы байланыс

Р

Сканер

6

Компьютердің миы

Т

Пернетақта

7

Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы

О

PAINT

8

Сурет салуға арналған графикалық редактор

Р

Процессор

Ж/

бы

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

р

е

д

а

к

т

о

р

 

                         

Слайдқа мұқият қарап анаграмма шешеді

Негізгібөлім

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

10 мин

5-сынып оқулығында «Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту» тақырыбын оқыту.

 «Джиксо»  әдісі бойынша

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

Әр оқушы өздерінің жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Топтағы әрбір оқушы тақырыпты оқиды.

 

 

 

Түртіп алу әдісі. «Джиксо» әдісі бойынша елші келесі топқа барып түсіндіреді.

Бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау.

 

Оқушылар компьютерде жұмыс жасайды. Әр оқушы өздерінің жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалау.

Қорытынды

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

«АӘБВ» әдісі арқылы сабақты бекіту, жауаптың 4 нұсқасы бар сұрақтар қоямын.

 

Бағалау парақтарына нұсқау беру

 

Кері байланыс

Уақыт машинасы

 

Үйге 153-159 беттердегі §19-20. «Мәтіндік редактор» тақырыбын оқып келу. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.           

Оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетеді.

Өзін-өзі бағалау.

 

 

 

Жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіру, қорытынды ұпайларын мектеп бағасына айналдыру.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Рефлексия. «Ой толғаныс» кезеңінде ойларын жазған стикерлерді сабақты түсіну деңгейіне қарай уақыт машинасына орналастырады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз