Өлең, жыр, ақындар

Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер

Аты-жөні: Тургинбаева Кулжанат Абдраимовна

Туған жылы: 3 тамыз, 1970 жыл

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Солтүстік-Батыс мөлтек ауданы, уч 1212

Бітірген оқу орны: Жезқазған Педагогикалық Институты

Мамандығы: математика және информатика пәні мұғалімі

Еңбек өтілі: 21 жыл

Санаты: бірінші

Қызмет ету орны: Шымкент қаласы, Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицей

 

Сыныбы:  6«А»

Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды "компьютерлік тұсаукесер", компьютердегі мультимедиалық ақпарат, PowerPoint бағдарламасының интерфейсімен таныстыру.

 Дамытушылық: Оқушының ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың тиімді тәсілдерін қолданып, танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізе алатын, өз бетінше жұмысты жоғары деңгейде орындай білетін, жауапкершілік  қасиеттері қалыптасқан қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың нәтижелі іс - әрекетін, білім-білік, дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды өз бетінше  орындап құрастырады, қабілеттері артады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: жеке, топтық

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, тарих

Ресурстар: мультимедиялық пректор, компьютер, плакат, А3, А4, маркерлер, стикерлер, жасырынған сандар

 

Кезеңі

Әдісі

Уақыты

Мұғалім орындайтын іс-әрекет

Оқушының іс-әркеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберін құру

 

 

 

 

ә) топқа бөлу

2 минут

Сәлемдесу. Шаттық шеңберін құруға оқушыларды ортаға шақыру.

Информатика жаңа ғылым саласы,

Компьютер ол барлық пәннің панасы.

Программа құруға жүйрік болсаң жасыңнан,

Информатика пәніне орын бергін басыңнан.

 

Жасырылған сандарды ұсынады.

Шаттық шеңберін құрады. Бір-біріне тілек айтады.

 

Информатика сабағын бастауға қошемет көрсетеді.

 

 

Таңдалған сандар бойынша 2 топқа бөлінеді

мультимедиялық пректор

Үй жұмысы

1) Сұрақ-жауап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2) Семантикалық карта

7  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

   1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?

    2. Құжатты құру және сақтау қалай жүзеге асырылады?

    3. Нөмірленген және таңбаланған тізімдерді құру қалай жүзеге асырылады?

    4. Бағандарды құру қалай жүзеге асырылады?

    5. Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан?

    6. Графикалық нысандар мен көркемжазуды кірістіру қалай орындалады?

1. Мәтіндік процессор кез-келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға арналған қолданбалы компьютерлік прогрпмма түрі.

2. Office батырмасының ішінен Құру (Создать) бұйрығын таңдағаннан кейін құжатты құру терезесі пайда болады және Жаңа құжат қалпы (шаблоны) пайда болады.

3. Нөмірленген тізімдерді құру үшін құрал саймандар тақтасынан нумерация батырмасын пайдаланылады. Таңбаланғанған тізімді құру үшін маркеры батырмасын таңдаймыз.

4. Мәтінді немесе оның бөлктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу->Бағандар батырмасын пайдаланады.

5. Кірістіру бөлімінде

6.Көркем жазуларды кірістіру үшін Кірістіру бөлімінде WordArt батырмасын қолданамыз. Графикалық нысандарды Кірістіру-> Иллюстарциялар-> Бейнебаян бұйрығын орындау керек Сақталған суретті кірістіру үшін Кірістіру-> Иллюстарциялар-> Сурет бұйрығының көмегін пайдалануға болады, Осы жаңдайда ашылған терезеде суреті бар файлдың орналасқан жерін көрсету керек.

мультимедиялық пректор

Жаңа сабақ

Ой қозғау

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақтың мазмұны

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

11 минут

Тұсаукесер (көрме) дегеніміз не?

 

 

Қазіргі кезде тұсаукесерлерді компьютерде дайындау үшін ең көп қолданылатын программа Power Point программасы болып табылады. Power Point программасында дайындалған тұсаукесер парақшалары слайд деп аталады. Оны құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділерін, сызбалар енгізуге болады. Бүгінгі сабағымызда Microsoft Power Point программасының интерфейсімен танысатын боламыз.  Microsoft Power Point програмасында құрылған арнайы презентациямен таныстыру.

 1. Power Point программасының терезесі

 2. Слайд құру жолдары.  Қарау режимдері

 

 

1. Тұсаукесер деп қандай да бір жарнаманы айтуға болады.

2. Ақпаратты ықшам түрде жеткізу.

3.Жаңадан жасалған кітапты, фильмді көпшілікке таныстыру.

4. Көрме дегеніміз тақырыпқа сай безендіру жұмыстарын жүргізу.

1. Тақырып жолы

2. Жолақ

3. Слайд аймағы

4. Құрылым аймағы

5. Қалып күй жолағы

 

    Office батырмасының ішінен Құру (Создать) бұйрығын таңдағаннан кейін құжатты құру терезесі пайда болады, Презентации батырмасын басу арқылы шаблон бойынша тұсаукесре қрамыз,

 Төрт қарау режимі бар:

1. Әдеттегі

2. Сұрыптағыш

3. Слайдтарды көрсету

4. Ескертпелер беттері

Плакаттар, маркерлер,

Өздік жұмыс

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

7 минут

 1. Презентация құру

 1. Microsoft Power Point программасын  іске қосу. Төрт слайд құру, сақтау.

 2. Шаблон бойынша слайд құру. 4 режимде қарап шығу

  2. Слайдтарды жылжыту

    1. Слайдтарды сорттау режиміне өтеміз.

    2. Жылжытатын слайдты таңдаймыз.

    3. Правка – Вырезать әмірін орындаймыз.

    4. Жылжитын слайд орналасатын слайдқа  өтеміз.

    5. Правка – Вставить әмірін орындаймыз

   3. Слайдтарды өшіру

    1. Демонстрация режимінен басқа кез-келген режимде слайдты белгілейміз.

    2. Удалить слайд әмірін орындаймыз.

    3. Өшіруді болдырмау үшін Правка – Отменить әмірін орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы Отменить батырмасын шертеміз.

Компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау

Компьютер, кеспе қағаздары

 

Сергіту сәті

2 минут

Көзге арналған жаттығуларды жасау

 

 

  •  

Топтық жұмыс

Венн диаграммасы

6 минут

Microsoft Power Point және Microsoft Word процессорының ұқсастықтары мен айырмашылықтар туралы плакатты ұсыну

Microsoft Power Point және Microsoft Word редакторының ұқсастықтары мен айырмашылықтар туралы плакатты толықтыру

 

Қорытынды

 

2  мин

Топқа баға беру. Жинаған стикерлерді бағалау. Жеке оқушыларды бағалау

Бірін-бірі бағалайды.

 

Үй тапсырмасы

 

1 мин

Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер. Тұсаукесер құруға тақырып таңдау.

 

 

 

Рефлексия

"Екі жұлдыз, бір тілек"

3 мин

 

Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жазып, тақтаға іледі.

Маркерлер, стикерлер

 

Бағалау парақшасы

 

қ/с

Оқушының аты-жөні

Сұрақ-жауап

Сематникалық карта

Топтық жұмыс. Жаңа сабақ

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Топтық жұмыс. Венн диаграммасы

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз