Касимова Райхан Баймырзақызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Бидайық орта мектебі
Уалиханов ауданы
Солтүстік Қазақстан Облысы
Сынып сағаты: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Мақсаты: Оқушыларға Жолдау жайлы мағлұмат бере отырып, мазмұнын түсінетіндей жағдай жасау; ой - өрісін кеңейтіп, дүниеге көзқарасын қалыптастыру; патриоттық тәрбие беру.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Шаттық шеңбері.
ІІІ. Жаңа сабақ.
17-қаңтар ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдау ұсынды.
Бүгінгі Жолдау арқылы Н.Ә.Назарбаев атқарған істерді қорытындылап, болашаққа бағдар жасады.
ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ
Осы Жолдауда Елбасы Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынды.
Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылысымызды
біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет.
Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейін
Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет
Алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген.
Стратегия-2050-дегі басты мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс.
22 жыл ішінде келесі құндылықтарға ие болдық:
Білім беруде:
Денсаулық сақтауда:
Тілдерді дамытуда:
«Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда, биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар!»
IV. Қорытынды.
Н.Ә.Назарбаев: «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік! »
Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды.
Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі