Өлең, жыр, ақындар

Бүкіл әлемге күлкі сыйлаймын

Тренинг тақырыбы: «Бүкіл әлемге күлкі сыйлаймын»

Мақсаты: Оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру; Көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу; Көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп,сезінуге  тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.

Құралдар: Суреттер, слайд, әңгіме т.б.

Сабақ барысы : Ұйымдастыру бөлімі

А)Оқушылармен амандасу

Б) Түгендеп назарларын сабаққа аудару

  1. 1. Жаттығу «Көңілді шаттық шеңбер»

Қане бәріміз ортаға шығайық.  Балалар бір-бірімізбен көзбен амандасайықшы.Қазір әркімде әртүрлі көңіл-күй. Олай бола барлығымыз қызықты,жақсы сәтті есімізге алайық. Осы жерде күн көмекке келеді. Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлап, тілегімізді білдіреміз.

       Үй тапсырмасы: Ғажайып сурет

      Жаңа сабақ

Көңіл күйікөңіл-күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.

Кейде адамның Көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда  оның Көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстанған идеясына сенімі мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін көтеріңкі, сергек ұстайды. К. к-н меңгере білу кімге болса да аса қажетті қасиет. Бәріміз естіп жүрміз күлген пайдалы депКүлкі - өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен...

Айғайлап күлу. Мұндай адамдар көбіне ашық мінезді, дені сау, көпшіл болып келеді. 

Дыбыс шығармай, ақырын күлу. Мұндай адамдардың мінезі тұйық болады. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын мінезі жұмсақ, көнбіс адамдар да осылай күледі. 

Қысқа күлу. Күштің, ақылдың, құпиялықтың белгісі. Мұндай адамдар үлкен қиындықтарды оңай жеңе алады.

Үзіп-үзіп күлу. Көбіне жүйке жүйесі сыр берген күйгелек адамдар осылай күледі.

Дөрекілікпен күлу. Мұндай адамдар жабайы, билікке ұмтылғыш, эгоист болып келеді. 

Күлгенде қандай қимыл жасайсыз?

Күлгенде басыңызды артқа шалқайтсаңыз, аңқау, сенгіш адам болғаныңыз. Қиялға берілгіш, арманшыл жандар күлгенде қолын бет-жүзінің кез келген жеріне апарады екен. Ал қолыңызды иегіңіздің астынаапарсаңыз, бойыңызда әлі балалықтың ұшқыны бар адамсыз. Аузыңызды жауып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімсіз, жұмбақ, жалғыздықты сүйетін адам болғаныңыз. Егер күлердің алдында, басыңызды әнтек еңкейтсеңіз, адамдарды ренжітіп алудан қорқатын, кез келген ортаға тез бейімделетін адамсыз. Күлгенде,мұрныңызды тыржитасыз ба? Ендеше, бәрінің сіздің қалауыңыздай болғанын ұнататын өзімшіл, кірпияз адамсыз деген сөз. Ал қабағыңызды қозғалтып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімді, зерек жансыз. Көзді сығырайтып күлу жұмысбасты, жинақы, сенімді адамға тән күлкі. 

Күлкі туралы қызықты дерек

  • Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.
  • Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.
  • Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.
  • Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға "Күлкімен адамды емдеуге бола ма?" деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.

Күлкінің төресі - кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. "Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды" депті Элла Уилер Уилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық...

Сұрақ- жауап

- Өздеріңнің көңіл-күйлерің қалай? Көңілдісіңдер ме?

- Адамның көңіл-күйін қалай байқауға болады екен?

- Бет әлпетінен,көзінен,аузынан қимылынан т.б.

- Ал адамның көңіл күйін көтеріп,жақсартуға болама екен?

- Оған жақсы сөз айтып,сыйлық сыйлауға болады не жақсылық жасауға болады.

Суретпен жұмыс . Суреттегі көңіл-күйлерді атап шығайық.

 

«Болады, болмайды» жаттығуы.

Мен сендерге сөздер айтамын, ал сендер болсандар болуы мүмкін  болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай  мүмкін  болса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында  отыр – аяқтарын топылдатады. Кастрюлде  кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Қыз үйдің суретін салып отыр. Ит  аспанда ұшып жүр. Тышқан атпен шауып бара жатыр.

Енді бәріміз тұрып, серігіп алайық. Сергіту сәті: «Көңілді күн» биін билету.

Серігіп алсақ сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

«Көңіл- күйді бейнеле» жаттығуы

Берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді бейнелендер:

  1. Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні;
  2. Ренжіп тұрған адамның  бет- әлпеті;
  3. Қайғылы адамның бет- әлпеті;

  1. Ашулы адамның бет- әлпеті;
  2. Таңданған кейіп көрсету;

  1. Өкініп тұрған адамның бет- әлпеті;

  1. Қуанып тұрған адамның бет- әлпеті.

-                     Осы жаттығуды орындағанда қиын болды ма?

-                     Қандай көңіл- күйде болдындар?

-                     Жаттығу ұнады ма?

Қорытынды: Балалар енді бізде көңіл-күйімізді түсірмейік. Бір-бірімізді ренжітпейік.

Жаттығу:  «Жүректен жүрекке»

Оқушылар шеңберге шығып, бір-біріне тілектерін айтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Мұғалім: оқушылар басында сендердің көңіл- күйлерінді білдік. Енді қазір қандай болды көңіл-күйіміз? Мен сендерге көңіл-күйдің бейнеленген суреттер беремін сендер біреуін таңдап тақтаға жапсырасындар. Оқушыларға сыйлық тарату.


Пікірлер (2)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз