Өлең, жыр, ақындар

Алгоритм ұғымы

ОҚО Мақтарал ауданы

Ж.Ералиев а/о

Ғ.Муратбаев ауылы

«№123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Мұғалімі: Танирбергенова Индира Дуйсенбековна

 

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: §2. Алгоритм ұғымы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Алгоритм ұғымын, Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеттерін (үзіктілік, нәтижелілігі, жалпыламалық немесе ортақ , формальды ) түсіндіру.

Сабақтың барысы :    1. Ұйымдастыру.

                                 2. Үй тапсырмасын пысықтау.

                                 3. Жаңа сабақ.

                                 4. Бекіту.

                                 5. Қортынды.

 

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?
  2. Позициялық санау жүйесі позициялық емес санау жүйелерінен  қалай ерекшеленеді?
  3. Екілік, он алтылық  санау жүйелері не үшін қолданылады?
  4. Цифр ретінде әріп символы қолданыла ма?

 

Жаңа сабақ:

Алгоритм дегеніміз – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түрінде келтіру.

«Алгоритм» атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хоразми есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Алгоритм реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп қарауға болады.

3- мысал:   а=3,  d=5, c=7  осы айнымалылардың мәні нешеге тең? Егер мына амалдар ретімен орындалса; а- меншіктеу.

а: =a+1, d:=a+в,  с : =a+в,   а: =а

1-қадам а:= 4

1-қадам а:= 9

1-қадам а:= 13

1-қадам а:= + 2

Алгоритмнің орындалауы

Алгоритмді орындаушының рөлін, негізінен адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни робот немесе компьютер атқарады. Программа лщмпьютерде түсінікті жазылған кщмандалардан тұрады. Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін программа деп қарастыруға болады. Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің мынадай жұмыс ерекшеліктері болады:

  1. Есеп шығару жолы алгоритм ретінде өрнектелуі тиіс.
  2. Алгоритм порграмма түрінде жазылуы тиіс.
  3. Программа компьютер жадына енгізіліп , рет-ретімен орындалу керек.
  1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.

Алгоритм келтірілген барлық іс-әрекеттің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек.

  •  Алгоритм үзіктілік қасиеті.

Үлкен алгоритмді бірнеше кішкене  алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек

  • Алгоритм нәтижелілік қасиеті

Кез – келген алгоритмнің нәтижесі  болуы керек. Егер есептің шешуі болмаса, «шешуі жоқ» деген нәтиже шығаруы керек.

  • Алгоритм жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.

Белгілі бір есепке арналмай, осы тәрізді есептерді шешуге мүмкіндік беретіндей етіп  құру қажет.

  • Алгоритм формалды орындалуы.

Белгілі бір орындаушыға арналып құрылуы керек.

12 - беттегі практикалық жұмыс  №2  орындау

  Сабақты  қортындылау?                          

  1. Алгоритм дегеніміз не?
  2. Алгоритм негізгі қасиеттері қандай?
  3. Алгоритм үзіктілігі дегенді қалай түсінесіндер ?
  4. Алгоритм ортақтығы деген не?
  5. Алгоритм нәтижелілігі дегенді қалай түсінесіндер?
  6. Алгоритм командасы деген не?
  7. Программа деген не?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз