Өлең, жыр, ақындар

"Желтоқсан шеруі" тәрбие сағаты

Тақырыбы:

               Желтоқсан шеруі.

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып білдіру; Тәуелсіздікке қалай қол жеткенімізді; Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,тарихта бағалай алуға тәрбиелеу,патриоттық сезімін ояту.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері,сахналық көрністерге қажетті түрлі заттар,үнтаспа,күй жинақ,ел жақсыларының суреттері,нақыл сөздер,слайдтар.

Тәсілі: тарихи шеру,баяндама оқу.

Кітапханашы: Салтанат апай  Құрметті ұстаздар,келген қонақтар,оқушылар! Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан шеруі» атты мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.Бүгін ерекше күн. Республикамыздың Тәуелсіз ел болып егемендігін жариялағанына  24 жыл толып отыр.Тәуелсіз еліміздің  жастары үшін талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды.Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.Болашақтың тірегі-мына бүгінгі балалар,сендерсіңдер.Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

(Әнұран орындалады  интерактивтік тақтада видо)

1-жүргізуші:  Дәуіржан  «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол-тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ  Қазақстан-туған өлкеміз,оны сүйіп құрметтеу-барлығымыздың парызымыз.Елбасымыз-Қазақстан елін дамытып,одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға.Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз.

2-жүргізуші: Айару  Тәуелсіздік... Осы бір ғана сөздің астында қаншама қайғы-қасірет,қаншама жүрегі елім,жерім,халқым деп соққан,арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны,шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай  жері үшін,атаменкен елі үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың рухы жатыр.

3-жүргізуші:  Жәнібек Тәуелсіздік-бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры.Бұл Тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік.Туған жерімізде еркіндік орнату үшін бар жанымызды салып,болашаққа үлкен үмітпен қарадық. Азаматтық  туы көкте желбіреп,бостандық қыраны көгімізде еркін самғап  қалықтауы үшін өткелі қиын,бұралаң жолдардан өттік. Батырлығымыз бен жігерлігіміз және рухымыздың жоғарылығының арқасында аңсаған Тәуелсіздікке де қол жеткіздік.

Кітапханашы: Салтанат апай  Міне,биыл Тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына 24 жыл! Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты,экономикасы дамыған,бәсекеге қабілетті,халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық. Еліміздің сайын даласы Сарыарқаның төріне көрікті де сәулетті Бейбітшілік шаһары Астана арқылы жаһандық әлемге жаңа Қазақстанды аштық.Мұндағы мақсат-Астана арқылы  егеменді еліміздің қарышты даму қарқынын бүкіл әлемге паш ету. Бүгінгі елордамыз Түркі әлемінің астанасына айналып отыр.

4-жүргізуші: Үрпия Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді,дінімізді,тілімізді қайта өркендеттік.Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды,туымызды,елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізгі Конституциялық заңды бекітіп,айбарлы айбарымызды құрдық.Көптеген елдермен экономикалық қарым-қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екенін жария еттік.

1-жүргізуші:  Дәуіржан 

.... Халықпыз бірлігі зор,бір туысқан,

Шеңгелін сала алмас ара дұшпан.

Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,

Тәуелсіз,егеменді Қазақстан!

  Салтанат апай   «Тәуелсіздік» деген-тәтті ұғым,қастерлі сөз.Әлемде соңғы 24 жылдың ішінде Тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел-Қазақстан! Ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсап кеткен,біздің қолымыз әрең жеткен Ұлы мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел-Қазақстан!Ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсап кеткен,біздің қолымыз әрең жеткен Ұлы мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты да қайырлы болсын!

«Желтоқсан  желі» әнінің үні баяу ғана естіледі.    

      1-жүргізуші:  Дәуіржан  Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Ата-бабамыз өз жерін,Отанын,халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді,бірақ ешқашан мойымады,күресе білді.Тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

1723-1725 ж.-Ақтабан шұбырынды.

1730-1916 ж.-Қазақстан Ресей отарына айналды,Тәуелсіздік үшін қаншама         көтеріліс болды.

1917 ж.Қазан төңкерісі болып Қазақстанда Кеңес үкіметі орнады.

1918-1920 ж.-Азамат соғысы.

1937-1938 ж.-Жаппай репрессия кезеңі.

1941-1945 ж.-ССРО-Германия соғысы кезеңі

1986 ж.Қазақстанда жастардың қозғалысы болды.Бұл «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен белгілі болды.

1991 ж. Қазақстан –Тәуелсіз,егеменді ел.

2-жүргізуші: Айару  Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге мұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың

Тас көшеде тас-талқан болып өлгені,

Шалажансар қар астына көмгені.

Тәуелсіздік-ата-баба арманы.

Қандай елмін бүгін міне,көр мені!

  Салтанат апай   Алаулайды,мүмкін емес сөнбегі.

Міне Тәуелсіздікке 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасы» арқылы жеткен едік.Ол елімізге,оның өміріне мол өзгерістер әкелді.Дүниені дүр сілкіндірген,Тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың «Желтоқсан оқиғасы» туралы айта кеткеніміз жөн. Балалар қане кім айтады екен

-Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

-Бұл оқиға неге «Желтоқсан оқиғасы» деп аталады.

3-жүргізуші:  Жәнібек  1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің пленумы болды,онда  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып Ульянов облыстық  партия комитетінің хатшысы,бұрын Қазақстанда көріп- білмеген Колбинді сайлады.

4-жүргізуші: Үрпия Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты.Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды.Бұл оқиға сол себепті де тарихта «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен қалды...

1-оқушы:  Қалса да қайда жерің,көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Айырылып күндіз күлкі,түнде ұйқыдан,

Күткенің осы еді ғой,қайран елім!

2-оқушы: Зар-мұңының әні бар ма сен айтпаған?

Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?

Тербетіп тұрса болды жер-бесігім,

Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.

Көз тимей,кірбің түспей қабағыңа

Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!

  Салтанат апай   Қанша жыл өтсе де,қанша ғасыр өтсе де бұл ұмытылмайтын оқиға болмақ. Міне осындай ұмытылмас оқиғадан бері 24 жыл болды.Ұмытылмайтыны-оны халық тағдырымен тікелей байланыстылығында.Өмір-өзен толқындары бізді әйгілі  «Желтоқсан оқиғасынан» уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да жүректе мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар.

Ол дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн ішінде қазақ қыздары мен жігітерінің рухына тағзым,құрмет.

2-жүргізуші: Айару  Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды.99-ы сотталды.Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып,оқудан 309 студент шығарылған,99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген.Туған елдің Тәуелсіздігі жолында көптеген қазақ жастары «Желтоқсан оқиғасы» кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Желтоқсанда құрбан болған (слайд)

3-оқушы: Қайрат Рысқұлбеков

Ербол Сыпатаев

Ләззат Асанова

Сәбира Мұхамеджанова

Салтанат апай   Өздері құлағанымен көтерген жалауларын құлатқан жоқ!

4-оқушы: «...Елім-айлап»тұрғанда ұландары,

                 Қайта оянды халықтың мың арманы.

                 Қалды мәңгі қазақтың жүрегінде

                Жанып кеткен Желтоқсан қырандары.

Салтанат апай: Олар өздерінің қысқа ғұмырының бүкіл күш-қуатын,жастық жігерін туған халқына арнаған жұлдыздар. Осы азаматтарды еске ала отырып олардың ерлігін,не үшін алаңға шыққанын айта кетсек артық болмас.

Қайрат Рысқұлбеков әділеттің,шындықтың жеңетіне іштей сенді.Қайрат орысша да өте сауатты еді.

5-оқушы: Өз ойын ашық айтатын,жігерлі,отты жігіт еді.Оған үлкен айып тағылды:өлім жазасы кесілді.Қайрат түрмеде отырғанда біраз өлең жазып үлгерді: «Түрме жыры», «Өкініш». Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді?

«Ақтық сөз».Қайрат Рысқұлбековтың сағынышта да қайғылы мәңгі қоштасуы,

ең соңғы амандық хаты.

6-оқуыш:

Қош болыңдар! Қош бол,жарық дүние!

Бар бақытымды о дүниеден табармын...

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

«Еркек тоқты-құрбандық»,

Атам десең атыңдар!

Салтанат апай: Осылай жырлаған Алматы сәулет-құрлыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-басшысы  зобалаңына ұшырап, 21 жасқа келгенде түрменің 21 камерасында, 21- мамыр күні қапылыста дүниеден өтті.

«Желтоқсан күніне арнайы видиоролик слай интерактивті тақтамен)

7-оқушы:

Желтоқсан қозғалысына қатысқандардың бірі  Ербол Сыпатаев еді. Өзі сияқты студент қыздармен ұлдарды қорғаймын деп қатты соққыға жығылып емханада қайтыс болды.

3-жүргізуші:  Жәнібек 

Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер, ал қалғаны 23-і қыз-келіншектер болған. Ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап ерлігімен көзге түскен, Ләззат Асанова. Чайковский атындағы училищенің студенті Ләззат танкамен тапталып өлтірілген.

Салтанат апай: Бұл оқиға тек алматыда болды ма?

Әлде еліміздің басқа жерлерінде қолдау тапты ма?

4- жүргізуші Үрпия: 1986 жыл «Желтоқсан оқиғасы» республиканы толық қамтыған саяси – әлеуметтік көтеріліс болды. «Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы Астана, Өскемен т.б. қалаларда, алыстағы Алтайғада жетеді.

1- жүргізуші Дәуіржан: Студент жастар қала орталығындағы «Ушанов» алаңына шеру тартады. Олардың арасында әділет жолын іздеген, алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдаған Сәбира Мухаммеджановада бар еді.

3- жүргізуші Айару: Бұл кезде Сабира көк-жасыл орман көмкерген Алтай тауының адырлы етегінен орын тепкен әсем қала Өскеменде бастауыш сынып мұғалімдерін тайындайтын оқу орынының студенді еді. Әкесі Ерсінбек, шешесі Күлшара мектепте мұғалім болатын. Сәбира сүт кенжесі еді.

Салатанат апай: Бірақ жастардың әділдік аңсаған үніне ешкім үн қатпады. Жастарды ұрып-соғып жазалау, түрмеге қамау, ақиқатты айтқызбау, оқу орнынан қуу, жала жауып соттау басталды. Сәбираныңда оқу орнына ата-аналарын шақыртып үлкен жиналыс болды. Ұзақ кінәләп, жала жауып «Қызыңыз тентек, көргенсіз» деген ұстаздардың сөзі жанына аяздай батты. Ақ самайлы анасын көргенде Сәбира намыстан жарылып кете жаздады. Сәбирамен шеруге шыққан құрбылары үнсіз жылай берді. Бір кезде Сабира саңқ етіп суырылып алға шықты. «Бәріне кінәлі-мен Жазалаңыздар, мені жазалаңыздар! Бұлардың еш жазығы жоқ. Оларды алаңға мен үгіттеп апардым, бәріне мен жауап беремін. Бұларды оқу орнынан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырдым» деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Сол жүгірген бойында намысшыл қыз жатақхананын бесінші қабатынан секіріп кетті. Сәбира туралы былай дейді: «Желтоқсанда үзілген жауқазын». Жауқазын –ерте көктемде қар кетпей-ақ қар астынан шыға келетін нәзікте әдемі гүл. Бірақ оның ғұмыры ұзақ емес. Қар толық кетіп, күн қатты шыққанда бірге қурап кетеді. Сәбираның да ғұмыры бәйшешектей қысқа болды оның өмірі ерте үзілді семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде-бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды. Желтоқсан оқиғасынан қатысқандардың аңызға айналған қысқа ғұмыры ел жанында мәнгілікке жаңғырып қалды. 

9- оқушы: Өсер елдің қай сәттеде бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.

Ешқашанда еңкейуге тиіс емес жалауы!

Салтанат апай: Қыршынынан кеткен жастардың күткені әділдік еді. Ол үміттері ақталмады. Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағаны бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті. 1989ж. 6- шілдеде Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі Президиумының комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді.Комиссия қыруар іс жүргізді.25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді.Ақыр аяғында «Желтоқсан оқиғасы»ақталды.

4-жүргізуші: Үрпия  Желтоқсан-ерлік тарихымыз.Президентінің жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп,айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сабира,Лаззат,Ерболдарға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді.1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» мәңгі есте қалдыру үшін 1990 жылы Республика алаңында ескерткіш тақта орнатылды.

3-жүргізуші:  Жәнібек  1996 жылғы 16-желтоқсан күні егемендігіміздің бес жылдығына Республика алаңында Тәуелсіздік монументі ашылды. Оның авторы-Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шотман Ыдырысұлы Уалихан. «Кешен қай жерде тұру керек?» дегенде елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ақ орданың қарсы алдына орнатайық,жастардың «Желтоқсан көтерілісі де осында өтті ғой» депті.

Салтанат апай:Иә,төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі Желтоқсанның арман-тілегі орындалып елімізде Тәуелсіздік таңы атқалы 24 жыл болды. Осы жылдары біздің Қазақстанымыз тамаша жетістіктерге қол жеткізді.

Тәуелсіздік жежіресі (слайд)

«Жаса Қазақстан!» әні орындалып тұрады.

Қорытынды: Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,

Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным,

Атыңнан айналайын,Тәуелсіздік.

Қолда елімді қасиетті Құраным!

Тәуелсіздік еліміздің аспаны ашық,елі аман,жұрты тыныш болсын,ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы,жас ұрпақ,біздердің қолымызда.Сондықтан елдің,халықтың қамын ойлайтын азамат болғымыз келеді.Бүгінгі сабағымызды Елбасының мынадай сөзімен аяқтағымыз келіп отыр: «Елімнің ұлы болсаң,еліңе шын жаның ашыса,азаматтық намысың болса қазақтың жалғыз ұлттық мемлекеттің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет,елдің де жердің де иесі екеніңді ұмытпа». 

 Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,

Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным,

Атыңнан айналайын,Тәуелсіздік!

Қолда елімді қасиетті Құраным!

        

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз