Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Сарыкемер орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Байболова Жазира Данияровна
Сыныбы: 2-сынып
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Әмірдің қулығы»
Сабақтың мақсаты:
Мәтін мазмұнын түсініп оқып, топтық, жеке жұмыстарда талқылау арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтауға мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
1. Шығарманың құрылымын талдай отырып кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беруді үйрету.
2. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы түйінді ой айтып, өзіндік пікір айту дағдыларын қалыптастыру.
3. Мәтіннің негізгі идеясы арқылы адамгершілік қасиеттері қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Сабақта қолданылатын әдістер: «Бағытталған оқу» әдісі, «Әңгімелеу кестесі» әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың жоспары:
Уақыты |
Жұмыс мазмұны |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
||||||||||||||||||
І.Қызығушылығын ояту |
|||||||||||||||||||||
2 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу
Бағалау шәкілімен таныстыру |
Психологиялық сәт
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер бойынша топтарға бөлу Бағалау шәкілімен таныстыру |
Қима қағаздар арқылы топтарға бөлінеді. Бағалау критерийімен танысады. |
||||||||||||||||||
10 мин |
Үй тапсырмасын сұрау.
Топтық тапсырма
|
1-топ «Ғылым таппай мақтанба» өлеңді жатқа айту. 2-топ Абай Құнанбаев кім? (кластер жасау) 3-топ Абай жырлаған бес асыл іс пен бес дұшпанды жазып, атау ( Т кестесі) 4-топ Сәйкестендіру (тарауға берілген сурет пен өлең арасындағы байланысты анықтау, бүгінгі сабақпен байланысын табу) |
Әр топ өздерінің жауаптарын айтады, тыңдайды.
|
||||||||||||||||||
ІІ. Мағынаны тану |
|||||||||||||||||||||
3 мин |
Жаңа сабаққа кіріспе.
|
Жұмбақ Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айғай-шу (түлкі) Мақал-мәтел Түстік жерге өтірік айтсаң, Кешке артыңнан қуып жетеді.
Абай атамыз айтқандай адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер бүгінгі кейіпкерімізде бар ма?
Оқушы ойын тыңдау. |
Оқушылыр жұмбақтың шешуін шешеді. Мақал мен жұмбақ арасындағы байланысты табады.
|
||||||||||||||||||
15 мин |
Жаңа сабақ.
Топтық жұмыс Оқулықпен жұмыс
«Бағытталған оқу» әдісі
Жеке жұмыс «Әңгімелеу кестесі» әдісі |
Мәтінді алдын ала бөліктерге бөліп алу. Әр бөлімді оқыған сайын, келесі бөлімді оқуға қызығушылықтарын оятатын сұрақтармен жетелеу.
Жетелеуші сұрақтар:
Оқушылардың жауаптарын тыңдау. |
Оқушылар берілген мәтін бөлімдерін оқып, әр бөлім бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Оқиға желісі бойынша өз ойларын айтады.
Сұрақтарға топ ішінде жауап береді.
Кестені толтырады. Шығарманың мазмұнынан түйінді ой қорытады.
|
||||||||||||||||||
5 мин |
Жаңа сабақты бекіту
Дәптермен жұмыс |
Кітапта берілген мақалдың жалғасын тауып жазу. Мақал-мәтел Есер баладан, ...... бала жаман. Жауабы: ерке, жалқау
Жақсы бала сүйік, Жаман бала........ Жауабы: өтірікші, күйік
Тақырып мазмұнына сәйкес тағы қандай миақал-мәтел айтар едің? |
Мақалды жалғастырып жазады, оқиды.
Оқушылар жазған мақалдарын бір-біріне жұптық жұмыста тексереді. |
||||||||||||||||||
ІІІ. Ойтолғаныс |
|||||||||||||||||||||
5 мин |
Қорытындылау Сұрақ-жауап |
Қортынды сұрақтар қою. - Әмір қандай бала? - Әмірдің іс-әректінен қандай ой түйдің? - Әмірдің өтірік айтуына, тым ерке болуына әжесінің ықпалы қандай? - Әмірге не айтар едіңдер? - Өзіңнің өтірік айтқан кездерің болды ма? |
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. |
||||||||||||||||||
4 мин |
Кері байланыс «Айтарым бар, жазғым келеді»
Бағалау Өзін-өзі бағалау.
|
Мұғалім жазғандарын оқиды. Оқушыларға өздерін бағалау парақшасына сәйкес бағалауды ұсынады.
Оқушылар бағалау шәкіліне сүйене отырып бағаланады. |
Тақырып бойынша түйінді бір ой айтады немесе стикерге жазып іледі.
Оқушылар критерийге сүйене отырып өздерін бағалайды. |
||||||||||||||||||
1 мин |
Үйге тапсырма беру
|
Мәтінді оқу, кейіпкерге хат жазу. |
Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі