Өлең, жыр, ақындар

Әмірдің қулығы

Жамбыл облысы  Байзақ  ауданы  Сарыкемер ауылы

Сарыкемер орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі: Байболова Жазира Данияровна

 

Сыныбы: 2-сынып

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: «Әмірдің қулығы»

Сабақтың мақсаты:

Мәтін мазмұнын түсініп оқып, топтық, жеке  жұмыстарда талқылау арқылы мәтіндегі негізгі  ойды анықтауға мүмкіндік жасау.

Міндеттері:

1. Шығарманың құрылымын талдай отырып кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беруді үйрету.

2. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы түйінді ой айтып, өзіндік  пікір  айту дағдыларын қалыптастыру.

3. Мәтіннің негізгі идеясы арқылы адамгершілік қасиеттері  қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Мәтіннің идеясын ашу арқылы қорытынды ой жасауға негіз қалау.
  • Кейіпкердің іс-әрекетіне баға беру арқылы оқушының шындыққа өзіндік  көзқарасын қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Бағытталған оқу» әдісі, «Әңгімелеу кестесі» әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың жоспары:

     

Уақыты

Жұмыс мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

                                                              І.Қызығушылығын ояту

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу

 

Бағалау шәкілімен таныстыру

Психологиялық сәт

 

Адам бойындағы  жағымсыз қасиеттер бойынша  топтарға бөлу

Бағалау шәкілімен таныстыру

 

 

Қима қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.

Бағалау критерийімен  танысады.

10 мин

Үй тапсырмасын сұрау.

 

 

Топтық тапсырма

 

 

1-топ «Ғылым таппай мақтанба»  өлеңді жатқа айту.

2-топ Абай Құнанбаев кім?

(кластер жасау)

3-топ Абай жырлаған бес асыл іс пен бес дұшпанды жазып, атау ( Т кестесі)

4-топ Сәйкестендіру

(тарауға берілген сурет пен өлең арасындағы байланысты

анықтау, бүгінгі сабақпен байланысын табу)

Әр топ  өздерінің жауаптарын айтады, тыңдайды.

 

 

 

ІІ. Мағынаны тану

3 мин

Жаңа сабаққа кіріспе.

 

Жұмбақ

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айғай-шу

                                        (түлкі)

Мақал-мәтел

Түстік жерге өтірік айтсаң,

Кешке артыңнан қуып жетеді.

 

Абай атамыз айтқандай адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер бүгінгі кейіпкерімізде бар ма?

 

Оқушы ойын тыңдау.

Оқушылыр жұмбақтың шешуін шешеді. Мақал мен жұмбақ арасындағы байланысты табады.

 

 

15 мин

 

Жаңа сабақ.

 

Топтық жұмыс

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

«Бағытталған оқу» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке  жұмыс

«Әңгімелеу кестесі» әдісі

        

Мәтінді алдын ала  бөліктерге бөліп алу. Әр  бөлімді оқыған сайын, келесі бөлімді оқуға қызығушылықтарын оятатын сұрақтармен жетелеу.

 

  1. Ерке бала Әмір
  2. Әмірдің қулығы
  3. Әмірдің өтірік айтуы
  4. Өтіріктің әшкере болуы

 

Жетелеуші сұрақтар:

  1. -Әмір қандай бала?
  2. Әмірді кім еркелетеді?
  3.  Әмір қандай қулық жасады?
  4. Әмір  неліктен өтірік  айтты?
  5. Оның өтірік айтуының себебі не?
  6. Әмірдің өтірігінің ашылуына кім себепкер болды?
  7. Әмір кімдерді алдады?
  8. Оның өтірігі ашылағда қандай күйде болды?

 

 

Әңгімелеу кестесі

1

Мәтіннің тақырыбы

 

2

Кейіпкерлер

 

3

Оқиғаның басталуы

 

4

Оқиға немен аяқталды?

 

5

Не үйрендік?

 

 

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

 

Оқушылар берілген мәтін бөлімдерін оқып, әр бөлім бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Оқиға желісі бойынша өз ойларын айтады.

 

 

 

Сұрақтарға топ ішінде жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестені толтырады. Шығарманың мазмұнынан түйінді ой қорытады.

 

5 мин

Жаңа сабақты бекіту

 

 

Дәптермен жұмыс

Кітапта берілген мақалдың жалғасын тауып жазу.

Мақал-мәтел

Есер баладан, ...... бала жаман.

Жауабы: ерке, жалқау

 

Жақсы бала сүйік,

Жаман бала........

Жауабы: өтірікші, күйік

 

Тақырып мазмұнына сәйкес тағы қандай миақал-мәтел айтар едің?

Мақалды жалғастырып жазады, оқиды.

 

Оқушылар жазған мақалдарын бір-біріне жұптық жұмыста тексереді.

ІІІ. Ойтолғаныс

 

5 мин

 

Қорытындылау

Сұрақ-жауап

Қортынды сұрақтар қою.

- Әмір қандай бала?

- Әмірдің іс-әректінен қандай ой түйдің?

- Әмірдің өтірік айтуына, тым ерке болуына әжесінің ықпалы қандай?

- Әмірге не айтар едіңдер?

- Өзіңнің өтірік айтқан кездерің болды ма?

 

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

4 мин

  Кері байланыс

«Айтарым бар, жазғым келеді»

 

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.

 

Мұғалім жазғандарын оқиды.

Оқушыларға өздерін бағалау парақшасына сәйкес бағалауды ұсынады.

 

Оқушылар бағалау шәкіліне сүйене отырып бағаланады.

Тақырып бойынша түйінді бір ой айтады немесе стикерге жазып іледі.

 

Оқушылар критерийге сүйене отырып өздерін бағалайды.

1 мин

 

Үйге тапсырма беру

 

Мәтінді оқу, кейіпкерге хат жазу.

Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз