«Сыңғырла,соңғы қоңырау»
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап бекеті №254 негізгі мектеп
«Сыңғырла, соңғы қоңырау»
Өтетін күні:25 мамыр 2016 жыл
Өтетін уақыты: сағат 9:00-де
Өтетін орны: мектеп залы
Безендірілуі:Мектеп залын түрлі-түсті шарлармен, қанатты сөздермен т.б. безендіру
Музыка орында
Алмат: - Қайырлы күн, қадірменді қонақтар мен ата-аналар!
Аружан: -Армысыздар, ұстаздар мен мектеп шәкірттері, жиналған көпшілік қауым!
Алмат: - Еңбегін, ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанаты да біздің мектебімізге келіп жетті.
Аружан: - Думанды дүбір ән жырлы,
Жайқалған өмір жас бағы.
Мінеки тағы бір жылды,
Сырғытып артқа тастады.
Алмат: -Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің 9-шы түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр.
Аружан: -Бүгінгі күн 9 жыл бойы тәлім-тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің жемісі саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып, үлкен өмірге қадам басатын қуанышты күні.
Алмат: - Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
Аружан:-Бүгінгі салтанатты жиын – 2010-2011 оқу жылындағы 9-сынып оқушылары үшін аса маңызды саналатын күн. Бүгін 9-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылады. 9 жыл бойы бұл оқушылар ұстаздарды тік тұрып қарсы алса, біз бүгін үлкен өмірге қадам басқан түлектерді тік тұрып, қошеметпен ортаға шақырып, қарсы алайық.
Алмат: -Қарсы алыңыздар, алдарыңызда 9-сынып оқушылары.
Аружан:- Сынып жетекшісі Пірімқұлова Гүлзат.
Алмат: - Сыныпта - 14 оқушы.
Аружан:- Олар: сынып салмақтысы - Тұрсынбай Нұрсұлтан,
Алмат: - Аймақтық «Былғары доп Кока-кола - 2011» футбол ойынының үздік ойыншылары - Өтемұрат Фархат, Карамат Абылайхан,
Аружан:- сыныптың сабырлы қызы - Караматова Ұлбосын,
Алмат: - Шығармалары 2006 жылы «Облыстық балалар шығармашылығы жинағына» еніп, баспасөз беттеріне жарыққа шыққан – Қалдықан Асылжан,
Аружан:- сыныптың күміс көмей әншісі - Амангелдіқызы Мөлдір,
Алмат: - Аудандық «Былғары доп Кока-кола - 2011» футбол ойынының үздік ойыншысы - Әмірхан Бексұлтан,
Аружан:- сыныптың сүйкімді де, салмақты қызы – Тұрысбек Сымбат,
Алмат: - Аудандық «Абай оқуы – 2004» байқауының бас жүлде иегері - Әбдіқадыр Мағжан,
Аружан:- Аудандық «Мұқағали оқуы -2010» байқауының алғыс хат иегері - Әлиева Жанерке,
Алмат: - Аудандық «Былғары доп Кока-кола - 2011» футбол ойынының үздік ойыншысы - Тұрлыбек Нұрғиса,
Аружан:- Аудандық «Мұқағали оқуы -2010» байқауының ІІ орын жүлдегері – Ералы Сандуғаш,
Алмат: - сынып байсалдысы - Ахметов Ерболат,
Аружан:-Аудандық 2007 жылғы «Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында өткізілген шығармалар байқауының жүлделі ІІ орын иегері - Сәрсенбек Дина.
Алмат: -Бұлар – Қазақстанның Көкбайрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.
Аружан: -Бұлар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін, біздің ардақты аға-апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын – мақтан тұтар, болашақ азаматтарымыз.
Алмат: -Адам болу армандарың алдағы,
Өмірдің көп сен білмейтін сырлары.
Біз тілейміз оң болсын деп сапарың,
Құтты болсын үлкен өмір қадамың!
Аружан: -Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ бүгін сан түлек,
Айтылар бүгін сан тілек,
Егілер бүгін сан жүрек.
Алмат: -Бүгін мектеп бітіруші түлектерді ең қимас, ең ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт күтіп тұр. Сендердің алдарыңнан жаңа өмір есігі ашылады. Тіршілігі қайнаған қым-қуыт өмірдің даңғыл жолында Ақ жол тілейміз!
Аружан: - Әнұраным көгімде шарықтасын,
Көгілдір Ту қиялда қалықтасын.
Әлем танып, білетін Әнұранды,
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.
-Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Сіздер үшін көк байрағымызды желбіретіп әнұранымызды асқақтатар рәсіміміз естеріңде мәңгі сақталсын!
Алмат: - «Мектеп түзулен! Тік тұр! Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты жиынға енгізілсін!» Мемлекеттік туды енгізетін түлектер: Карамат Абылайхан, Әмірхан Бексұлтан, Ералы Сандуғаш
Алмат: -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын
Аружан: - Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді – дей келе, алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздарына деген тілектерін, жүрек түкпірінде жатқан жылы сөзін, рақметін, қимас сезімдерін білдірмекші болып тұрған мектеп түлектеріне сөз береміз.
Жанерке: - Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар!
Мағжан: - Қайырлы күн, қадірлі достар!
Жанерке: - Туған топырағынан нәр алып, тұнық ауасымен тыныстаған, білім нәрімен сусындап, сұлулығын бойына сіңірген, өзінің аз ғана тарихында талайларға әріп танытып, талалайлардың арманына қанат болып, биік шыңдарға ұшырған алтын ұя мектебіміз 2002 жылы шаңырақ көтеріп еді. Міне, осы қасиетті де киелі шаңырағымызға да тоғыз жыл толып отыр.
Мағжан: - Өздеріңізбен мынау қиын да қызықты оқушылық өмірмен қоштасқалы тұрған түлектер осыдан 9 жыл бұрын яғни, асар әдісімен салынып, 2002 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген №254 негізгі мектептің табалдырығын ең алғаш жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар болатынбыз.
Жанерке: - Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Адаспаймыз ұлы жолда.
Барар жерге тез жетеміз,
Ұстаз берген білім қолда – дей келіп, енді міне, бойымыз да, ойымыз да өсіп, алтын ұя мектебімізден білім алып, қанат қағып ұшқалы отырмыз.
Мағжан: - Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
-Өмірде өлшенбейтін іс - балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым деп түсінген мектебіміздің директоры Әлменов Ербол ағайға сөз береміз.
Ән: «Ұстаз»
Орындайтындар: Аманкелдіқызы М, Қалдықан А, Караматова Ұ
Жанерке: - Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Таныстырып қонақтармен өтейін.
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.
-Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінен келген құрметті қонағымызбен таныстырып, сөз берейік:
1.__________________________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________________________
Мағжан: - Жаны жайсаң жомарт елге ағасыз,
Ағасыз ел керінбей ме жағасыз.
Болашақтың нардай жүгін арқалап,
Нық сеніммен қадам басып барасыз.
-Мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін білдіру үшін сөз кезегін «Қырықтың бірін Қыдыр санайтын» құрметті қонақтарымыз ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬__________________________________ таныстырып, сөз береміз.
Жанерке: - Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат күші қажыта алмас қарсы ағым.
Өмір теңіз толқындарын көргенде,
Ардақты ұстаз тілегіңді аңсаған.
- Келесі сөз кезегін ауылымыздың ардақты зейнеткер ұстаздары Тасқынбаев Әли ағай мен Нұрмағанбетова Патима апайға береміз.
Ән: «Ұстаз»
Орындайтындар: Әбдіқадыр М, Сәрсенбек Д, Әлиева Ж, Тұрлыбек Н
Мағжан: - Ұстаз ана – болашақтың анасы,
Ұстаз ана – ақыл-білім данасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы - дей келе, келесі құттықтау сөзді мектебіміздің оқу ісі меңгерушісі Абылбекова Күләйна апайға беріледі.
Жанерке: - Мен тілеймін ұстазыма шексіз тілек,
Балғындар болсын сізге мықты тірек.
Еңбегіңіз еленіп жана берсін,
Деп тілейді оқушылық адал жүрек – дей келе, келесі сөзді мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі Жаназаров Бақытжан ағайға береміз .
Мағжан: - Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен.
Мейіріммен сезінгем.
Сипадың да басымнан,
«Әліппені» ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім – деп, ақындарымыз жырлағандай ең алғаш білім нәрімен сусындатқан аяулы да , сүйікті ұстаздарымыз - Өтегенова Бибігүл апай мен Садықбекова Раушан апайларды қол соғып ортаға шақырып, сөз береміз.
Ән: «Қош бол, мектебім»
Орындайтындар: Әлиева Ж, Сәрсенбек Д, Әмірхан Б
Жанерке: - Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз – ғалым, толастамас мәңгі ісің.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің тілегін.
-Жүректер лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы өмір жолының алғашқы қадамында тұрған Жас түлек, ендігі сөзді сіздерге береміз.
Ерболат: - Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім,
Мектеп, мектеп – әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп – жан анам боп көріндің.
Сандуғаш: - Тереңінен шәкіртін табындырған мектебім,
Ақыл беріп, білім нәрін төккенің.
Ұмытылмайды барлық уақыт бір сенің,
Тәртіпке сай бізге еңбек еткенің.
Абылайхан: - Мектебім - екінші ұям, мақтанышым,
Самғаймын сеніміңді ақтау үшін.
Таланттар ошағына айнала бер,
Мақсатым әр жүрекке от дарысын.
Дина: - Керемет таусылмайтын сағынышым,
Сынасын небір жүйрік әр кез күшін.
Сен маған ұшар теңіз білім бердің ,
Өмірдің сырын таңдап білу үшін.
Нұрғиса: - Алтын ұя мектебім, ыстықсың-ау сен бізге,
Табыламыз бір кезде кездесуге іздесең.
Бірақ сені мектебім қимаймыз-ау, қимаймыз,
Балдәуреннің қызығын өткізуші ең бірге сен.
Ұлбосын: - Кең жүректі, ұстаздар, қадірлісің бізге сіз,
Ұрсушы ең анамдай, сабағымды білмесем .
Жаңа ғана түсініп, білгендеймін қатемді,
Түсін мені, жан ұстаз, аман-есен жүр десем.
Нұсұлтан: - Айта берсек таба берер жалғасын,
Көңілге толғаныстар орнасын.
Мүмкін емес ардақтамау осындай,
Ұшқан ұя нағыз білім ордасын.
Мөлдір: - Ақ көңілді ұстаздарым – ақ ниет ,
Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйіп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.
Асылжан: - Ұстазым орындалар парыздарың,
Мен саған әрқашанда қарыздармын.
Сен ұстатқан қолыма қаламыңмен,
Сенің жарқын бейнеңді саламын мен,
Ұстазым анамдайсың ыстық көзге,
Сенен басқа, басқа жақыным бар ма өзге?
Сен үйреткен 42 әріптермен,
Құрастырып жазармын сәлем сізге.
Сымбат: - Түзетеміз шалалықты,
Есейттіңіз балалықты .
Сізден ізгі кішілікті ,
Үйрендік біз кісілікті.
Анамыздай сыр шерткен,
Ақыл, білім үйреткен.
Алдыңызда бас иеміз,
Ерекше бір құрметпен.
Фархат: - Биікте тұр менің бала қиялым,
Жақсы сөзді өзіңе арнап жиямын.
Тірегі де, жүрегі де өзіңсің,
«Мектеп» атты білім берер ұяның.
Бексұлтан: - Қош ұстаздар! Ұстаздар мәпелеген,
Ана дер ем сіздерді, әке дер ем.
Алдымыздан ақ үміт шақырады,
Борышым бар мойнымда өтелмеген.
Жанерке: - Қош , Ақ Отау, киелі шаңырағым,
Қасиетіңе мәңгілік табынамын .
Ұмытпайды қарлығаш өз ұясын,
Сағынамыз сіздерді, сағынамыз!
Мағжан: - Қалай ғана зымырап уақыт өткен,
Бүгін міне, өтіпті тоғыз көктем.
Құлын -тайдай желбіреп жүрген кеше ,
Құрбыларың ер жетіп өсіп кеткен.
Кешегі балдырғандар міне бүгін ,
Көз жүгіртіп қарасақ өткен күнге,
Ер жігіт пен бойжеткен болған міне
Арнамақшы қоштасу ырғақ биін.
Қоштасу валісі
Орындайтындар: 9-сынып оқушылары
Сымбат: - Өткенде бізден ағаттық
Байсалдылық пен тағат қып,
Балалық болса кешірген
Байыппен баурап өсірген
Үлгі әркез, ұстамды.
Сабырлы, ізгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз
Айырылар кезде қимаймыз
Ерболат: - Жазуларымды қаттаған,
Жақсылығымды көріп мақтаған.
Ардақты ұстаз – жақсы адам,
Айтқанын ұғып, жаттаған.
Жетелеп әр, сыныпта,
Жеткізген мені мұратқа.
Ұлағат ісін сүйемін,
Ұстазға басымды иемін!
Мөлдір: - Кейде біздер ерінсек,
Енжарлыққа берілсек,
Қатаңдау тәртіп қоятын,
Қатені ұстаз жоятын.
Кемшіліктің бәрін көретін,
Кесірге тежеу беретін.
Ойының шексіз өрісі,
Әділ де, қатаң төреші.
Ұрыспай айтқан ақылын –
Ұстазым – қамқор, ақылшым,
Мың алғыс сізге түлектен!
Мың алғыс отты жүректен!
Мағжан: - Жас ұрпақтың қанатын қатайтып, біліммен сусындатуға өз үлесін қосып жүрген ардақты ұстаздар, сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік» деген Абылай ханның ұлы сөзін және елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында» деген нұрлы сөзін өмірлік ұстаным етіп, сенімдеріңізді ақтауға ант етеміз.
Жанерке: - Ұстаздарым, неткен асыл жандарсың,
Тілегім сол, үміттерің ақталсын.
Жүздеріңді мұң шалмасын ешқашан,
Қызметіңе талай ұрпақ таңдансын.
- Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған ұстаздарға арнап сазды сәлем жолдаймыз. Қабыл алыңыздар!
Сандуғаш: - Ербол ағай сізге жұрт қараған,
Білім нәрі өзіңізден тараған.
Өзіңізден білім алған бар адам,
Туған елдің құрметіне жараған.
Нұрғиса: - Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүресіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің Күлайна апай тұрсыз биік.
Асылжан: - Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Күніміздей жарқылдап.
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой-санаңды.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда,
Қамқор болып жүреді.
Әрқашанда Гаукар апайға
Алғыс айтады түлегі.
Жанерке:- Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Махабат апай - жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз деген – ардақты, аяулы адам.
Сымбат: - Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өнерге тәрбиелеп, құлшындырған,
Қымбатты да ардақты Ержан ағай,
Жүрегімде әркез айтқан өсиетің.
Асылжан:- - Тәрбиелі сөз сөйлейсіз санадан,
Еңбекқорсыз бал жинаған арадан.
Қаншайым апай өзіңізді жарық нұрға балаймыз,
Өзіңізді алып қырға санаймыз.
Абылайхан: - Қазаққа тән жаймашуақ мінезі.
Даламдай кең түсінігі, ұғымы,
Бейбіт апай деп ойлаймыз кейде біз,
Қалған екен жақсылардың сынығы.
Мөлдір:- Келеді сыр сыйлағым, жыр сыйлағым,
Жанымның жиып алып тылсымдарын.
Тыңдамай балалықпен кетсек те ойнап,
Анар апай үйреттіңіз өмірдің қыр-сырын.
Дина: - Үйретіп өмір ұстазым,
Үлгілі іске нұсқадың.
Ақкөңіл іскер қашанда,
Бақытжан ағай - сүйікті ұстазым.
Фархат: - Мектебім төл емізген ана тектес,
Шын ұстаз сөзің асыл ойдан кетпес.
Танытқан жер шарын Жанар апай,
Еңбегіңе ешқашан баға жетпес.
Нұрсұлтан: - Парида апай, сізді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде жаттталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Мағжан:-Үйретіп өмірдің ұстанымын,
Әрқашанда үлгілі іске нұсқағаның.
Ақкөңіл де іскер қашанда,
Айгүл апай – сүйікті ұстаздарың.
Нұрғиса: -Жүрегі – нұр, өмірі – гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.
Ақ көңіл де қарапайым қашанда,
Құрметтісіз Гүлзат апай біз үшін.
Бексұлтан:- Руслан ағай өлшемі жоқ бағаңыздың,
Айтыңыздаршы таласады оған кім?
Еленуде елге істеген еңбегіңіз,
Айтады алғыс шәкірттеріңіз сізге мың.
Ерболат: - Шамамызша физикадан намыс бермедік,
Дайындалмай сабағыңызға келмедік.
Білмесек те Аягөз апай біз сіздің,
Еңбегіңізді ақтаймыз деп еңбектеніп терледік.
Ұлбосын:- Жас ұрпаққа жалынды,
Сөз маржанын дарытқан.
Өзге тілді меңгерген,
Тіл білуді жөн көрген.
Рабиға апай ардақты,
Орны ерекше салмақты.
Нұрсұлтан: - Көрген жерде үлкендерді құрметтеп,
Асылжан: - Үлкендердің ақылын жадыңда ұста деп
Мөлдір: Бір-бірімізді әрқашанда сыйлауды .
Фархат: Досың үшін шаттанып, қуан деп.
Ұлбосын: Ешуақытта оқуды ауыр көр ме деп,
Абылайхан: Шамаң келгенінше алға өрле деп.
Бексұлтан: Үнемі құнды кітап жинауды,
Сымбат: Жақсы игі істерді құп ал деп.
Мағжан: Ашуды сабырға көндір деп
Жанерке: Ата-ана көңіліне қаяу салма деп
Ерболат: Көрген жерде тентектерді тыюды
Дина: Санамай жылдың күн, айын,
Нұрғиса: Булыдыңыз ұдайы.
Сандуғаш: Ұсындыңыз қол ұшын,
Қыздар : Ағайлар мен
Ұлдар: Апайлар
Хормен: Рахмет сіздерге сол үшін!
Жанерке: - Құрметті ұстаздар, қаншама зиялы да дарынды, өнерлі де жалынды жастардың қанатын қатайтып, қияға ұшырған еңбектеріңіздің мәуелі жемісін көріңіздер! Біз сіздерді ұмытпаймыз.
Ән : «Ақ бантик»
Орындайтындар: Әмірхан Б, Карамат А
Мағжан: - Сыныпты келді басқарып,
Көрмеді ойлап бас қамын.
Шәкірттері жатыр ұшқалы,
Өмір деген қас-қағым.
Бірге өткізген күндері мен қыс-жазын,
Жазып шықты қаншама іс – қағазын.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейікші жетекші-апайларға.
- Сөз білім мен тәрбиені қатар жүргізген сынып жетекшілеріміз – Байтөреева Анар апай мен Пірімқұлова Гүлзат апайларда.
Ән: «Ұстазым»
Орындайтын: Ералы С, Әмірхан Б
Жанерке: - Келесі сөз кезегі жүректен шыққан тілектерін білдірмекші болып тұрған ізбасар 8-сынып оқушылары Пернебай Таңшолпан мен Ералы Мейрамбекке беріледі. Қол соғып ортаға шақырайық.
Ән: «Армандастар, құрдастар»
Орындайтындар: 9-сынып ұлдары
Мағжан: - Жайнаса бал-бұл бүлдіршін,
Бір сыныптағы өрлеген.
Түлектер тұйық, кім білсін,
Сезім бе қимас кернеген.
Мерейлі топтан алқалы,
Сыр тартып бір көрейік.
Сөз кезегін, ал қане,
Балдырғанға берейік.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
- Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі. Олар да аға- әпкелеріне ыстық лебіздерін білдірмекші. Қол соғып, қарсы алайық.
Ән: «Сыңғырла қоңырау»
Орындайтын: 1-сынып оқушылары
( минсовка ойналып тұрады, мұғалім сөйлейді)
Мұғалім: - Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Осыдан 9 жыл бұрын сендер де өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы... сендер де сондай тәтті едіңдер, бір сәт балалықпен қауыштыңдар...Әне, олар сендерді үлкен өмірге аттандыруға бара жатыр ...
Ұлбосын: (минсовка ойналып тұрады)
Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.
Сол бір сәттер енді қайта келер ме?
Балалығым, біз өзіңді қимаймыз,
Алтын ұя мектебім - менің аяулы
Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.
Қош бол, енді балалығым, бал дәмім
Мен өзіңді ғұмыр бойы , ғұмыр бойы аңсаймын.
Жанерке:
Ән: «Балалық шақ»
Орындайтындар: ЕралыС, Амангелдіқызы М
Мағжан: - Алдарыңнан арман жолы ашылады
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 9-жылдың алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
- Білімнің алтын кілтін мектеп бітіруші түлектер қалыптасқан дәстүр бойынша ізбасарларына тапсырады.
Жанерке: - Сеніп тапсырылған «Алтын кілтті» қабылдап алатын ізбасар 8-сынып оқушылары Омар Ш, Сәрсенбек М, Пернебай Т (Омар Ш алтын кілттің сөзін айтады)
Дина: - Келсе кімнің жолмен түзу жүргісі,
Ізгіліктің үзілмейді үрдісі.
Әрекетін қайтала да ұқсап бақ,
Осы ұлы іс адалдықтың үлгісі.
Нұрғиса: -Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп.
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа ,
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті».
Мағжан: - Абыройың туған жердің төкпегін,
Бойыңа нұр құйып берді мектебің.
Түлектерге кезек келді мінеки,
Тапсыруға көк байрағын мектептің - 9 жыл бойы білімімізбен, өнерімізбен үнемі биіктен желбіреуіне күш-жігерімізді жұмсаған мектеп туын келесі ізбасарларымызға тапсырамыз. Ту тапсырушы түлектер: Карамат А, Әмірхан Б, Ералы С
Жанерке: - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қабылдап алатын 8-сынып оқушылары Жанзақ Е, Ибадулла Б, Сәрсенбек Ә (Жанзақ Ерсұлтан сөзін айтып, қабылдап алады)
Абылайхан: - Ұланым едің, ұланым!
Кейін жүрген бір адым,
Мектеп еді тұрағың,
Тұғыры болып қыранның ,
Білім болсын бұлағың.
Қанат қаққан ұядан,
Басталып кейін ұлы адым.
Жауапты болсын сұрағың ,
Білімнің жаққан шырағын,
Толқымай тұр сірә, кім?
Соңғы қоңырау ірі адым,
Тапсырам туды сендерге !
Қыран да едің, құладың,
Кетеміз Алтай, Жайыққа,
Ізбасар ерсе айып па?!
Ту тапсырған ұланға,
Президент Нұрсұлтан Назарбаевта!
Ән: «Аттандық сапарға»
Орындайтындар: Ералы С, Тұрысбек С
Мағжан: - Бүгінгі салтанатты жиын тек бітірушілер құрметіне ғана арналмайды, ол сондай –ақ 2010-2011 оқу жылының қорытындысын шығару жиыны. Олай болса салтанатты жиынымыздың марапаттау рәсіміне де кезек беріп өтейік. Мектеп оқу озаттарын және қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан оқушыларды , сондай-ақ үздік жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз мектеп директоры Әлменов Ербол ағайда.
Марапаттау рәсімі:
Жанерке: - Қандай ғажап қарасаң жан-жағыңа,
Күміс күлкі сыймай тұр қара мұнда.
Ата-анадан бақытты бар ма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына - дей келе, ортаға қуаныш иелері яғни, 9-сыныптың ата-аналарын қол соғып, құрметтеп ортаға шақырамыз. (ата-аналар сөз сөйлейді)
Мағжан: -Түлектердің қанаттары талмасын,
Көк аспанда қыран болып самғасын.
Ақ жол тілеп, барша мына ұл-қызға,
Ақсақал ата ақ батасын арнасын – дей келіп, мектеп бітірушілерге арнап ауыл ақсақалы ____________ ата ақ батасын берсе дейміз.
Ән : «Әке, ана»
Орындайтындар: Амангелдіқызы М, Ералы С
Алмат: - Әркімді әр сұрақ жетектеп,
Жолдарға салады әр тарау.
Құлақта мәңгіге қалар тек,
Күмістей сыңғырлап қоңырау.
Аружан: - Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Түлектерді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгінгі соңғы қоңырау сыңғыры – дей келіп, бүгінгі жиынның соңғы қоңырау соғу салтанаты да келіп жетті. Қоңырау соғу салтанаты құрметпен 9-сынып оқушыларынан ____________________________________________________ мен 1-сыныптың үздік оқушылары
______________________________________________________ тапсырылады.
Алмат: - Қызықты бір күн, бір күннен,
Япыр-ау бұрын кім білген .
Мектепте қалып барады-ау,
Қоштасудың бұл қиынын.
Балалық шағым, қызығым,
Мектебім – балғын ғұмырым .
Алмат:
Ән : «Достар, достар»
Орындайтындар: 9-сынып оқушылары
Аружан: - Қош түлектер, сыңғырлары сезімнің,
Қош түлектер, қорғандары жерімнің.
Ұландарым, көк тәңірі қолда
Көтеріңдер көк байрағын елімнің, - дей келіп, үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!
Алмат: - «Мектеп түзулен! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты жиыннан шығарылсын!»
Аружан: -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
Алмат: - 2010-2011 оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау! атты салтанатты жиынды жабық деп жариялай отырып, түлектердің сырттағы көгершін ұшыру рәсіміне куә болып, соңғы сапарына ақжол тілей отырып, шығарып салайық!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі