Алматы қаласы, Сулейман Демирель атындағы университеті
Филология және педагогика ғылымдары факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы: Дүйсебекова Жайнагүл
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік׃ Оқушыларға Абай өлендерін барынша терең меңгерту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарын кеңейту.
Дамытушылық Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал
ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.Абай ұлылығын терең сездіру, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ (Жаңа сабақ түсіндіру, жарыс сабақ (топтық) )
Әдіс - тәсілі:Түсіндіру, «Миға шабуыл» әдісі, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер׃ презентация, Абайдың портреті, жыл мезгілдері салынған плакаттар, кеспе қағаздар.
Сабақ барысы׃
1.Ұйымдастыру: «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылармен «Қыс» өлеңіне жасалған бейнекөрсетілмді көріп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.
1. Абай қай жылы туған? (1845 жылы 10 тамыз)
2. Туған жерін ата. (Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері)
3. Абайдың шын аты кім еді? (Ибрагим)
4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
5. Абайдың арғы аталары кімдер? ( Өскенбай, Ырғызбай)
6. Шешесінің аты кім болған. (Ұлжан)
7. Құнанбай неше әйелді болған? (4 әйелді)
8. Абайдың. Дүниеге көзімді ашқан кім еді ? (Михаэлис)
9. Абай неше жасқа дейін оқыған (13 жас)
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? (Ахмет- Риза)
11. Абайдың руы қаңдай? (Тобықты)
2. Абайдың табиғат лирикасын түсіндірмес бұрын, лирика туралы мәлімет беріп өтеміз.
Лириканың түрлері:
философиялық-саяси махаббат табиғат
Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады.Табиғатқа жан бітіруге ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген.
Бұл өлеңдерін ақын 1886-1890 жылдар аралығында жазған.
Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдеріне байланысты жарыс сабақ өткізбекшіміз.
Жарысқа 2 топ қатысады.
1-топ–«Жаз»,«Күз»(1886-1888ж)
2топ-«Қыс»,«Жазғытұры»(1888-1890ж)
Жарыс 5 бағыт бойынша өтеді.
1.Поэзия
2.Теория
3.Этнография
4.Шығармашылық жұмыс
3-бағыт. Этнография
Өлеңдерде кездесетін қазақтың көне тұрмысына, шаруашылығына қатысты кейбір
сөздеріне түсінік беру.
1. Малма деген не? Малма сапсу дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шуда жіп деп қандай жіпті атаған. Оны қалай иіреді.
3. Шом, Шомшы деген не?
4. Күзеу деген не? Көшпелі қазақтардың қысқа, жазғы қоныстары қалай аталған.
5. Алты қанат үй деген қандай үй? Киіз үй неше қанат болуы мүмкін.Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
6. Шидем деген не?
7. Ене деген кім? Қазақша қандай туыстық атауларды білесің ?
8. Құда деп кімді айтады?
Жауабы.
1. Малма-тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып, араластыруды малма сапсу деген.
1. Түйенің шудасынан иірілген жіпті айтады. Оны әжелер ұршықпен иірген.
2. Шом- түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы-түйемен
жүк тасушы адам.
3. Күзеу-малшылардың күзде отыратын қонысы.жайылымы.
Қысқы қоныс-қыстау.жазгы-жайлау делінген.
4. Киіз үйлер керегесінің санына байланысты 5, 6, 7, 12 қанат болып келеді.Ол мынадай бөліктерден тұрады: кереге.уық.шаңырақ.сықырлауық.түндік.іргелік.туырлық үзік.басбау.бау.т.б.
5. Шидем-қойдың жабағысынан тігіп .сыртын маталап қаптаған киім.оны күпі деп те атаған.Қазақта сондай-ақ тон.ішік.тымақ.бөкебай.түлкі тымақ.құлақшын.пима
байпақ. т.б. киімдер бар.
6. Келіндер күйеуінің шешесін ене деп атаган.Туыстық атаулар: апа.көке.ата.әже.
жезде.аға.жеңге.балдыз.абысын.келін.құда.құдағи.құда бала.құдаша.бөле.
нағашы,жиен,жиеншар,сіңілі,қарындас,қайын сіңілі.
7. Қыз алысып,қыз беріскен адамдар құдалар деп аталады."Құда мың жылдық,
күйеу – жүз жылдық" , "Құдаңды құдайыңдай сыйла"
4-бағыт. Шығармашылық жұмыс
1-топқа – «Қыс» тақырыбына;
2-топқа – «Күз» тақырыбына қатысты өлең не аз көлемді шығарма жаздыру.
Бағалау: Сабақ барысында берілген житондарды санап, жеңімпаз топты анықтап, бағалаймын.
Үйге тапсырма: «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ» эссе жазу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі