Өлең, жыр, ақындар

Сауысқан мен көкек

Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылы, Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Керимова Нургуль Нукеновна

 

Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен көкек                                  

Сабақтың мақсаты:

1. Ертегінің мазмұнын түсіндіре  отырып,кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы оқиғаны өмірмен байланыстыра білуге үйрету.

2.Оқушылардың   құстар туралы ой-өрісін,тіл байлығын,түсініктерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа,тапқырлыққа,табиғат байлығын қорғап ,құстарға деген сүйіспеншілік  сезімдерін дамыту,адамгершілікке тәрбиелеу.

. Күтілетін нәтиже: Кейіпкерлерге сипаттама беру аркылы оқиғаны өмірмен байланыстыра білуге үйренеді. Өз беттерімен қорытынды шығара білуге,қызықты әңгімені рөлінде қалыптасуына жағдай жасайды; Адамгершілікке,еңбекқорлыққа, табиғатты қорғауға тәрбиеленеді.

Сыныпта психологиялық ахуалды орнықтыру. Ынтымақтастық атмосфераны құру

Критериалды бағалауды қолдану   (өзін-өзі бағалау)

-Мәнерлеп оқуы.

-Сұрақтарға толық  жауап беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Сабақтың әдісі :Интерактивті, СТО, АКТ ,Рөлдік тапсырма, Венн диаграммасы.

Оқыту формасы Топтық жұмыс өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ ны қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: Сауысқан мен көкектің суреттері,мақал –мәтелдер интерактивті тақта  Оқулық, сергіту сәті, постер, смайлинг, стикерлер, бағалау парағы Сыныпта психологиялық ахуалды орнықтыру. Ынтымақтастық атмосфераны құруСабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта жылы атмосфера

         Үлкенге де,сіз

Кішіге де сіз

Бар әлемді құрметтеп,

Бас иеміз біз.

 

Сыныпты топқа  бөлу,топ ережесімен  таныстыру.

Сыныпты топқа бөлемін. Оқушылар топ басшысын сайлайды. Топта жұмыс ережесін есте сақтау. Бағалау парағымен таныстыру.

Психологиялық ахуал.

Күн көзіне шуақтарын толтыру ойыны

Күн  шуақтарына сыпайы   сөздер жазу.

Қуанамын  мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанасың   достарым,

Арайлап атқан күнге

II Үй тапсырмасын сұрау

А/ мазмұнын  сұрау

Ә./ Сахналау

III Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы   қорыту .

IV.Жаңа сабаққа дайындық. «Суретті ойын» арқылы.

-Ертегі не туралы айтылған?

- Ертегідегі басты кейіпкерлерді ата

- Кедей неге алтын, күміс балталарға қызықпады?

- Еңбек туралы мақал- мәтел айт

- Бай не себепті алтын балтаға қызықты?

V Жаңа сабақ Сауысқан мен көкек ( Ертегі)

Ертегі туралы мағлұмат беру

Ертегі көне заманнан бүгінге дейін жеткен ауыз әдебиетінің асыл қазынасы. Ертегілер бізге дейін  халықтың айтуымен жеткендіктен, авторы ұмытылып қалған.Сондықтан ондай ертегілерді халық ертегісі деп атайды.

                         Сауысқан: торғай тәрізді қарға тұқымдасына жататын, кіші денелі, түзу ірі қысқатұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны Қазақта кейде алақанат сауысқан деп те айтады. Құрт - құмырысқа жейді, етқоректі, аздап шөп қоректі. . Сауысқан шықылықтап үй маңынан шықпай қойуын Қазақтар жаманат хабар келеді деп жорыса, енді бірде жолаушының маңынан шықылықтап ұзап кетей қойған сауысқанды жақсылықтың жаршысы дейді.

Көкек: - денесі өте үлкен болмаса да ұзын құйрығы және жабын қауырсындарының тығыздығынан едәуір ірі болып көрінеді. Ұя салмайды. Жарып шыққан қызылшақа және соқыр балапан инстинктивті қимыл жасайды- ұя қабырғасына аяғын тіреп, ұядағы өзінен басқаларды (ұя иесінің жұмыртқасын немесе балапандарын ) сыртқа теуіп шығарады. Көкектің аналығы жаз бойы бөтен ұяға 12 жұмыртқаға дейін астыртын қалдырып кетеді,  жұлдызқұрттарды да жейді. Қазақстанға кешеуілдеп- сәуірдің ең соңында ұшып келіп, қыркүйектің соңына дейін ұшып кетеді.

 

Оқулықпен жұмыс

-Ертегіні мәнерлеп оқу

-Оқушыларға тізбектей оқыту

- Жалғастыр ойынын ойнау

-Дәптермен жұмыс

- Сөздік жұмыс

-Күнелтіпті-мекендепті

Венн диаграммасы арқылы сауысқан мен көкекті салыстыру

Сергіту сәті-Кешірімді боламыз,

Жұлдыздай боп жанамыз.

Кішіпейіл боламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Постер қорғау

1 топ «Сауысқан» туралы сипаттама

2 топ « Көкек» туралы сипаттама

3 топ Құс ұясының жасалуы

4 топ  Құстарға байланысты мақал-мәтел, ырым-тыйым сөздер

Оқушылардың құстар туралы мақал-мәтел, өлеңдер сұрау.

Бағалау

Үйге тапсырма-Мәтінді оқып мазмұндау, «Емші еңбек» атты күлдіргі мысал ойлап жаз.

 

 

 

 


 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз