Өлең, жыр, ақындар

Delphi ортасында берілгендер қоры

Оңтүстік-Қазақстан политехникалық колледж

Арнайы пәндер оқытушы

Убайдуллаева Индира Медетханқызы

 «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Сабақтың тақырыбы: Delphi ортасында берілгендер қоры

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Берілгендер қорын құру компоненттерімен жұмыс жасауды меңгеру. Берілгендер қоры қосымшасын құра алу.Берілгендер қорынан іздеуді ұйымдастыра алу.

Дамытушылық: Студенттердің сабаққа деген және өз мамандықтарына деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Студенттерді өзара сыйластыққа және үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Көрнекі құралдар: SMART Board  электронды интерактивті тақтасы, дербес компьютер, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша электронды оқулық, әдістемелік нұсқау (пән бойынша оқу құралы).

Пән аралық байланыс: Жүйелік бағдарламалау, Өндірістік және экономикалық процестерді математикалық модельдеу, Объектілі бағытты бағдарламалау негіздері.

                                                    САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру сәті (           2     мин.): Топты ұйымдастыру, түгелдеу, аудиторияны сабаққа дайындау, студенттердің назарын аударту

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру: білімді бақылауды ұйымдастыру ( 15 мин.)

    Өткен сабақтарды қайта жаңғырту, еске түсіру:

    Бағдарламалаудан терминдік диктант

    Тестілеу – тестілеу бағдарлама арқылы

    Үйге берілген тапсырма бойынша презентацияларды Смарт-тақтада көрсету

 

3. Жаңа сабақты түсіндіру ( 35 мин.). БҚ қосымшаларын құруға арналған компоненттер бөлімің электрондық оқұлықтан теориялық және практикалық түрінде түсіндіру

BDE  технологиясы бойынша БҚ құру компоненттері

 Table компоненті.

Table (Кесте) компоненті BDE жапсырмасында орналасқан. Оның мақсаты кез келген БҚ кестесiне қол жеткiзу.

Компонент қасиеттері:

DatabaseName  – кесте сақталған берiлгендер қоры атауы (алиа­сы). Қасиет мәні мәндер тiзiмдерiнен (6) таңдалуы тиiс.

TableName – кесте атауы. Кесте атауы алиас орнатылғаннан соң тiзiмдерiнен (6) таңдалуы тиiс.

Active – кестені белсенді ету (True) және етпеу (False).

Программа бойынша кестенi жабудың баламалы екi әдiсi бар:

  1. Table1.Active := False;
  2. Table1.Close;

мұндағы Active – қасиет,  Close – әдiс.

Кестенi ашу әдiсi:  Table1.Active := True;

 DataSource компоненті.

DataSource (берiлгендер көзi) компоненті Data Access жапсырмасында орналасқан.  DataSet (Берiл­ген­дер жиынтығы) қасиетi арқылы нақты кестемен байланыс орнату;

DataSource1  компонентi өзiнiң DataSet (Берiлгендер жи­ын­тығы) қасиетi арқылы нақты кестемен байланысады. Ол – Table1  және DBGrid1 компоненттерiн келiстiрушi де. Delphi-де TDataSet класы берiлгендер қоры объек­тiле­рiнiң негiзгiлерiнiң бiрi. Ол кестенi ашуға пайдаланылады, яғни, Table компонентi - TDataSet класының мұрагерi. DataSet  DataSource компонентiнiң қасиетi ретiнде пайдала­нылуы да мүмкiн.

 DBGrid компоненті.

DBGrid (Берiлгендер кестесi) компоненті Data Controls жапсырмасында орналасқан. Оның міндеті берiлгендердi форма бетiне кесте түрiнде шығару. DBGrid1 компонентiнiң DataSource (Берiлгендер көзi) қасиетiне DataSource1  мәнi меншiктелген кезде, Table1 объек­тiсiнiң Active қасиетiне True мәнi меншiктелуiне байланысты, DBGrid  компо­нентi терезесiнiң iшiне таңдалған кесте енгi­зiлiп қойылады.

Форманың DBGrid компонентi терезесiне енгiзiлген кестенi сақтау үшiн Delphi-дiң негiзгi терезесiнен  File-Save As командасын беру керек. Сақталған кестенi форманың DBGrid терезесiне шығару әдеттегiдей. DBGrid компонентi терезесiне енгiзiлген кестенi алып тас­тау (терезенi тазалау) үшiн Table1 компонентiнiң Active қасие­тiне False мәнiн меншiктесе болғаны.

Компонент қасиеттері:

Name – компонент аты.

DataSource – кестеде көрінетін мәліметтер көзі (DataSource1).

Options – компоненттің күйге келтіру қасиеттерін анықтайды.

Columns – бағандар тізімі.

Columns қасиетін шерткенде экран бетіне келесі терезе шығады. Бағандар 0-ден бастап номерленеді.

Add New (Insert) батырмасы арқылы жаңа баған қосуға болады.

Delete Selected (Delete)батырмасы арқылы ерекшеленіп тұрған бағанда өшіруге болады.

 DBNavigator компоненті.

Компоненттер панелінің Data Controls қосымша бетінде орналастырылған DBNavigator  компоненті өзіне байланысты берілгендер қорын басқаруға арналған түймелерден тұрады:

 

Түйме

Аты

Қызметі

1

nbFirst

кестенің бірінші жазуына өту;

2

nbPrior

алдыңғы жазуға өту;

3

nbNext

келесі жазуға өту;

4

nbLast

ең соңғы жазуға өту

5

nbInsert

берілгендер файлына жаңа жазу қосу

6

nbDelete

ағымдық жазуды жою

7

nbEdit

ағымдық жазуды редактрлеу режиміне өту

8

nbPost

ағымдық жазуға енгізілген өзгертулер берілгендер файлына жазылады

9

Cancel

ағымдық жазуға енгізілген өзгертулерді қайтарады

10

nbRefresh

енгізілген өзгертулерді файлға жазады

Компонент қасиеттері:

Name – компонент аты.

DataSource – DBNavigator компоненті көмегімен басқарылатын мәліметтер көзі (DataSource1).

VisibleButtons – командалық түймелердің көріну/көрінбеуін анықтау. Мәні True болса түйме көрінеді, False болса түйме көрінбейді. Түймелердің атаулары келесідей: nbFirst, nbPrior, nbNext, nbLast, nbInsert, nbDelete, nbEdit, nbPost, Cancel, nbRefresh.

Мысал . Программаға берілгендер қоры кестесінен мәліметтерді «Іздеу»-ді ұйымдастыру.

Ол үшін форма бетіне Edit1,  BitBtn1, BitBtn2, DbEdit1, DbEdit2, DbEdit3 компоненттерін кірістірейік.

Компоненттер қасиеттерiне келесі мәндерді меншіктейді:

DbEdit1 компоненті

DataSource – DataSource1

DataField – Fam

DbEdit2 компоненті

DataSource – DataSource1

DataField – Name

DbEdit3 компоненті

DataSource – DataSource1

DataField – Tel

Телефон номері бойынша іздеуді ұйымдастыру үшін BitBtn1 батырмасын екі рет шертіп келесі процедураны тереміз.

procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

begin

form1.table1.first;

while not form1.table1.eof do

begin  //Кестеде іздеуді жүзеге асырады

if form1.table1.fieldbyname('tel').asstring=edit1.text

then exit;

form1.table1.Next;

end;

if Form1.Edit1.Text=''  then

showmessage('Телефон номерін енгізініз')

else

begin

showmessage('Базада мундай мәліметтер жок');

form1.table1.first; end;   end;

Өрістерді тазалау үшін, BitBtn2 батырмасын екі рет шертіп келесі процедураны тереміз.

procedure TForm1.BitBtn2Click(Sender: TObject);

begin

edit1.text:='';

dbedit1.Text:='';

dbedit2.Text:='';

dbedit3.Text:=''; end;

4. Жаңа материалды пысықтау ( 20 мин.).

    4.1 Тікелей эфир-шығармашылық лаборатория – бір оқүшы Смарт-тақтада берілгендер қорымен жобаны түсіндіріп құрастырады (студенттер тұралы берілгендер қорымен жоба құрастыру – өрістері: номер, аты, тегі, тұылған жылы, e-mail)

    4.2 Қатені табу – бағдарламаларда қателерді тауып, түсіндіру (қателерді презентацияда дайындау керек)

    4.3 Терминдерді түсіндіру – бір оқушы топқа берілген терминдерді түсіндіру керек, бір түбірлі сөздерді пайдалануға болмайды (DATASOURCE, DBGRID, DBNAVIGATOR, TABLE, Берілгендер қоры, DataBase Decktop утилитасы)

5. Үй тапсырмасы (  3      мин.)      Конспектіні толықтыру : жобаны кұрастыру жолың алгоритм түрінде жазу.                                                                                                            

6.Сабақты қорытындылау (  5    мин).  Бағалау және оны жариялау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер