Өлең, жыр, ақындар

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру cабақтың тақырыбы: «Заттың түсі. 1 САНЫ»

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы: «Заттың түсі. 1 САНЫ»

Сабақтың мақсаты:

1. Түзете-білімділігі: Балаларға заттың түстерімен таныстыру,  1 саны мен цифрымен таныстыру.

2. Түзете-дамытушылығы: Балалардың  танымдық әрекеттерің  жетілдіру. Көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту.

3. Түзете-тәрбиелігі: Балаларды  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс

Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

 

ІІ. Жаңа сабақ

Ойыншықтармен жұмыс:

Қызыл, сары, көк түсті.

Доптар көп, тіпті

Қаңе, қайсысын таңдайсың,

Түсін біліп алғайсын.

Суретпен жұмыс:

Мына сурет бойынша сұрақтарға жауап беру керек

- Суретте қанша алма?

- Көп

- Қызыл алма қанша?

- Қызыл алма біреу

- Дұрыс, қызыл алма біреу және 1 санын білдіреді.

- Мынау – 1 саны. 1-ге не ұқсайды?

- Тіреу, ілгек, таяқшаға

- 1 санын ауада жазу

- Таяқшаны пайдаланып 1 санын үстел үстіне жазады.

1 саны – бір заттың санын білдіреді.

- Партаға 1 таяқша қой. Қасына сәйкес санды қой.

- Партаға 1 дөңгелек  қой. Қасына сәйкес санды қой.

 

Санамақ

Ал санайық, санамақ,

Сан сырына қонайық!

Бір саусақты жұмайық,

«Бір саны», - деп ұғайық!

 

 

 

Суретпен жұмыс

Мына сурет бойынша сұрақтарға жауап беру керек

- Заттарды ата

- Заттардың түсін ата.

Мынау – қызыл қарындаш,

Қызғалдақты бояймын.

Мынау – сары қарындаш,

Мұнымен күнді бояймын.

Мынау – көк қарындаш,

Мұнымен туды бояймын

Мынау – жасыл қарындаш,

Мұнымен гүлді бояймын.

 

ІІІ. Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

 

ІҮ. Бекіту:

Дидактикалық ойыны: «Қажетті санды тап»

Мақсаты: Балалардың  көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

 

Ү. «Біз не білдік?»

1 саны – бір заттың санын білдіреді.

 

ҮІ. Бағалау    

Балаларды жеке-жеке  мадақтау

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз