Өлең, жыр, ақындар

Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

С.Жиренов атындағы негізгі орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Қабылбек Палшайым Балабекқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1. Су туралы, оның адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

2. Баяндау, түсінігін айта білу, ойлау қабілетін арттыру, дәлелдеу.

3. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз елін, жерін, табиғатын аялай білуге, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрден тыс тәжірибелі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тәжірибе жасауға керекті заттар, суреттер, карта.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, сахналық көрініс, тәжірибе жасау, баяндау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Психологиялық дайындық.

Бүгін ерекше сабақ. Сендерді өте көп қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Сендерден ұйымшылдықпен көтеріңкі күймен сабаққа қатысуды сұраймын.

         Мақсатымыз – білім алу

         Міндетіміз – еңбектену

         Еңбек етіп жұмыла

         «5» ке қолды жеткізу.

 

б) Артикуляциялық жаттығу:

- Тамаша! Олай болса балалар, жаңа тақырыпты танымас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу.

1-топ «Зергер»

         Судың күйі туралы баяндау.

2-топ «Мұрагер»

         Тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттері туралы әңгімелеу.

3-топ «Ғалымдар»

         Су еріткіш екенін дәлелдеу.

Әр топтың жауабына топтастыру арқылы қорытынды жасау.

 

Қорытынды: осы бүгінгі тамаша дайындалып келген оқушылардың деректеріне қорытынды сұрақтар қойғалы келіп тұр.

1-сұрақ. Қыста неге қар, жазда неге жаңбыр жауады?

Күн суытқан кезде су қатады, мұзға айналады. Жылы кезде бу сұйық болады жаңбырға айналады жаңағы мұзымыз еріп кетті жылы ауадан.

2-сұрақ. Күнделікті өмірде судың қандай қажеттерін байқаймыз?

1. Біз күніне суға еритін заттарды тағамға пайдаланамыз мысалы: тұзды, соданы, дрожь суда ериді.

2. Су қайнап жатқанда бу шығаду.

3. Кеше біз үйді әктедік. Әк те еритін зат екенін байқадым. Суға салғанда ол еріп кетті.

3-сұрақ. Өз жерінде ішуге болатын қандай су көзі бар? Бұлақтар, су құбырымен өте жақсы. Сендер үй жұмысын өте жақсы дайындалып келіпсіңдер.

Енді сендерге жұмбақ жасырамын.

1. Жылт-жылт етеді.

    Жылғадан өтелі. (Су-судың күйі)

2. Өзі судан жаралған,

    Бірақ судан қорқады. (Мұз-қатты күйі)

3. Көзге көрінгенімен,

    Ұстасаң қолға ілінбейді. (Бу-газ күйі)

Сергіту сәті: (қимылмен, музыка ырғағымен).

«Табиғаттағы су»

Теңіз толқып

Су буланып

Шарбы бұлттар көшеді.

Жаңбыр жауып

Жер бетіне

Жасыл шөптер өседі.

Жаңа сабақ.

Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақты бекіту.

Табиғатта қандай сулар кездеседі?

Адамдар қандай суды пайдаланады?

Неліктен су ластанады?

Шығармашылық жұмыс: Суды таза сақтау үшін қандай экологиялық ережелерді сақтау керек?

Мұғалім: Қорыта келгенде, табиғат пен адам әрқашанда егіз деуге болады. Табиғат байлықтарын қорғай білу-азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.

Президентіміздің, 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қауіпті жағдайды білдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.

Оқушы: Табиғатты аялау-бұл бүкіл адамның міндеті. Онда біздің де үлесіміз бар.

Оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз. «Күресейік!» Бір-бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз. Таза ауа үшінтерімізді төгейік.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».

Оқушыларды бағалау:

Зергер тобы:

1-Оқушы: Судың өзіне тән қасиеттері бар. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады. Судың нақты пішіні болмайды. Оған дәлел. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады.

2-Оқушы: Мен бірнеше  түрлі түсті қағаздық жолақ дайындадым. Осы қағаз түстері мен судың түсін салыстырамыз. Суды сары, қызыл, жасыл, ақ деп айтуға болмайды. Демек, судың түсі болмайды.

3-Оқушы: Стакандағы суға кез келген затты саламыз. Судың ішінен ол айқын көрінеді. Өйткені, су-мөлдір. Бірақ табиғатта су үнемі мөлдір болып кездесе бермейді. Ол әртүрлі қалдықтардың салдарынан ластанады.

4-Оқушы: Қант, тұз, лимонның дәмін көрейік. Қант, тәтті, тұз ащы, лимон қышқыл. Енді судың дәмін көрейік. Оны тәтті, пщы, қышқыл деп айта аласың ба?

Таза судың дәмі болмайды.

5-Оқушы: Мысалы гүлдер мен иіссудан жағымды иіс шығады. Ал судың иісі жоқ. Су-иіссіз және де бір стаканнан екінші стаканға су құйылады. Яғни су ағады.

 

Ғалымдар тобы:

1-Оқушы: Бірінші стакандағы суға қант саламыз, екіншісіне тұз салдым. Жақсылап араластырамыз. Стакандағы суда қант пен тұз көрінбейді. Судың дәмін көрейік. Біреуі тәтті, екіншісі тұзды. Бұл судың еріткіш екенін көрсетеді. Ал қант пен тұз ерігіш заттар.

2-Оқушы: стакандағы суға таза құм саламыз. Қасықпен араластырамыз. Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбіне шөгеді.

Енді келесі стаканға саз саламыз. Су лайланады. Суды біраз тұндырсақ, саз да түбіне шөгеді. Қандай қорытынды жасауға болады?

Табиғатта суда еритін және ерімейтін заттар бар екен.

Тағы да не айтуға болады?


Пікірлер (3)

Айдана

жаксы өтілген меніңше

Айдина

Неге жох
Аитындаршя

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз