Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық ауылы
«Құлыншақ» балабақшасы
Қалиева Гүлбаршын Кабисалимовна
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Әлеуметтік орта,Таным,
Бөлімі: Экология, көркем әдебиет, математика
Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат»
Мақсаты: Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Баланың тілін, сөздік қорын,ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып,сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: өлі және тірі табиғат
Қостілдік компонент: табиғат – природа, тірі табиғат - живая природа
Керекті құралдар: суреттер, схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған ыдыстар.
Белсенді орталықтары: Көркем әдебиет,есеп,ғылым
Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық. Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады Бәріміз енді тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық Жақсы – жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық! Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар? Балалар : Жүрек Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы. Балалар: Аспанымыз ашық болсын Күніміз жарқын болсын Еліміз тыныш болсын Ауырмайық, денсаулық болсын Нанымыз көп болсын Ата- анамыз аман болсын Бейбітшілік болсын Балабақша гүлдене берсін! Апайлар аман болсын Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы. |
|
|
- Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық - Балалар қазір жылдың қандай мезгілі? - Көктемнің қандай айы? - Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
|
- Жылулықты, мейірімділікті, достықты. - Күз мезгілі Сәуір айы - Көктем мезгілінде күн жылына бастайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып келеді. |
|
- Жарайсыңдар балалар, олай болса көктем туралы кім тақпақ айтып береді?
|
Жаннұр Көктем қандай көңілді Көктен жаңбыр төгілді, Мөлдір аспан ашылып, Күннің көзі көрінді. Алмас Көктем, көктем көктемде Құстар келіп жеткенде Қуанып бір қаламыз Әнмен қарсы аламыз! |
Іздену ұйымдастырушы |
Өте жақсы, ал есімізге түсірейікші алдыңғы оқу іс-әрекетімізде біз не туралы әңгімеледік. Дұрыс айтасыңдар.Табиғат бізге бай жерді, ағаштарды гүлдерді, жан-жануарларды сыйға берді. Ал ендеше айтыңыздаршы табиғат нешеге бөлінеді? Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тірі және өлі табиғат» деп аталады. Ғажайып сәт Осы кезде есік қағылып ақ көгершін ұшып келеді. Ақ көгершін: Сәлеметсіз бе балалар? Мені табиғат-ана жіберді. Балалар мен балапандарыма асығып бара жатырмын сау болыңыздар! Рахмет ақ көгершін, балалар сендерге табиғат – ананың жіберген хатын оқып берейін. Табиғат ананың хаты Сәлеметсіз бе балалар! Мені барлық балалар жақсы біледі. Балалар осы «Өлі және тірі табиғатты» жайлы айтып беріңдерші, оларды зерттеп, санап, түрлерін атап, «Өлі және тірі табиғатты» жайлы қызықты ертегі әңгімелеп беріңдерші. – Ал, балалар Табиғат ананың тапсырмасын орындаймызба? Олай болса Табиғат ананың тапсырмасын орындау үшын әркім өз қалаған орталықтарының карточкасын таңдайды. Бізде бүгін 3 орталық жұмыс жасайды. Көркем әдебиет орталығы, ғылым орталығы, есеп орталығы. |
Табиғат сыйы туралы әңгімеледік.
Сау болыңыздар!
|
|
Ғылым орталығы. - Балалар, көркем әдебиет орталығына қош келдініздер. - Қай мезгіл? Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не? - Мен бір дауыс естіп қалған сияқтымын.топқа Табиғат ана кіреді. Табиғат пен тіршілік Көк түтінге тұншығып Аяқ асты тапталып Жатыр қанша гүл солып Ей адамдар күнмен гүлден жаралған Табиғатты аялаңдар, Мәпелеңдер балалар! Сендердің қамқорлықтарыңызды көріп риза болып тұрмын.Өте ақылды балалар екенсіңдер.Табиғатты өте жақсы көресіңдер екен.Мен сендерген және қонақтарға сыйлық әкелдім.Ал ендеше мен өз табиғат әлеміне әрі қарай сапар шегейін сау болыңыздар. |
Ғылым орталығы.
- Көктем мезгілі - Табиғат
|
Рефлексивті түзету |
- Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік? Балалар, біз ғылым орталығында нені зерттедік? - Ал,көркем әдебиет орталығында қандай ертегімен таныстық? - Есеп орталығында не жасадық? Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады ма? Балаларды мадақтау,оқу-іс әрекетті аяқтау Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы Сау- саламат болайық. Сау болыңыздар! |
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Тірі табиғат қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді қозғалады, сөйлейді, еңбек етеді.
Нені игереді: Табиғат ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтуды
Нені біледі: Табиғатты аялап, қорғауды біледі
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі