Корейская косметика премиум класса

Тапқыр, алғыр баламыз

Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің

жанынан ашылған «Балдырған» шағын орталығындағы

«Балапан» тобының тәрбиешісі: Қойшина Жанаргул Зарыккановна

 

Мақсаты: Балаларымыздың ой-өрісін, сөздік қорларын байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту. Үйренген сөздерін сөйлеу барысында қолдана білуге жаттықтыру. Адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

- Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер, бүгін «Балапан» тобында болатын «Интелектуалды» ойынына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

 Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие – білім табар мән.

Кім жүйрік ойға, сол айда – дегендей, бұл сайыста екі топ жарысқа түседі. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

І – топ «Балапан»

ІІ – топ «Қарлығаш»

- Ал енді, әділқазы алқасын сайлап алайық.

- Ал, балалар, сендерге сәттілік тілеймін.

- Бүгінгі сайысымыз, жұлдызшалар арқылы бағаланады.

І – кезең. Таныстыру.

І – топ. «Балапан»

Ұраны: Әрбір іске жауапты,

           Балапанбыз талапты.

           Уәде де тұратын,

           Ақылды болам талантты.

ІІ – топ. «Қарлығаш»

Ұраны: Алау болып жанамыз,

           Қарлығаш боп ұшамыз.

           Балапандай талпынып,

           Көкке қанат қағамыз.

ІІ – кезең. «Білімді мыңды жығар»

(сұрақтарға жауап беру)

І-топтың сұрақтары:

  1. 1-5-ке дейін санап беріңдер
  2. Біздің елбасымыз кім?
  3. Күз туралы тақпақ айтып беріңдер.

ІІ-топтың сұрақтары:

  1. Санамақ айтып бер.
  2. Еліміздің рәміздерін атаңдар.
  3. Қыс туралы тақпай айтып беріңдер.

Жүргізуші:

  • Бәрекелді балалар, бұл сайыстанда сүрінбей өтттіңдер.

ІІІ – кезең. «Сиқырлы пішіндер»

«Ойын ойнап,

Ән салмай,

Өсер бала болама»

-Балалар алдарындағы пішіндерден әр-түрлі заттар құрайды.

ІV. «Полиглоттар» сайысы

Әрбір топтың қатысушылары 1 қазақша, 1 орысша тақпақ айтады.

Жүргізушілер:

  • Көрдіңіздерме қонақтар, біздің балалар сондай өнерлі. Олар қазақша да, орысша да тақпақтар айта алады.

V кезең. «Өнерлі өрге жүзеді»

Жүргізушілер:

                            Құлақтан кіріп, бойды алар,

                            Жақсы ән мен тәтті күй.

                            Көңілге түрлі ой салар,

                            Әнді сүйсең мендей сүй, - Абай атамыз дегендей кезекті өнерге берейік.

І-топ. Ән: Алина «Аналар алтын»

ІІ-топ. Камзол кигениқынай бел,

         Толған ою-өрнекке.

         Билесін деп сұрайды ел,

         Өнерімді көрсін деп.

Қарлығаш тобының биін тамашалаңыздар.

  • Бәрекелді балалар! Бұл кезеңненде сүрінбей өттіңдер.
  • Осымен сайсымызда өз мәресіне келіп жетті. Әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша, балалардың өнерін тамашалайық.
  1. Ән: «Қошақан» Алина.
  2. Ән: «Қуыршақ» Зере
  • Қазылар алқасы қорытынды сөз сөйлеп, сыйлықтар ұсынылады.


Қарап көріңіз