Өлең, жыр, ақындар

Зат есімнің жіктелуі

Алматы облысы Кербұлақ ауданы

Шилісу ауылы «Шилісу негізгі мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Билибаева Қарлығаш Урамбаевна

 

Сабақ№73           Сынып: 4               Күні:  23.01.2016            Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Мақсаты: Зат есімнің жіктелуі туралы білімді меңгерту

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: жіктік жалғаулы сөз бастауышпен байланысып, үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалатынын ұғындыру;

Тұлғалық: Зат есімнің жіктелуінің мәнді белгілерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;  зат есімнің жіктелу үлгісі көрсетілген кесте арқылы зат есімдерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазуға үйрету;

Жүйелік-әрекеттік; ұқыптылыққа, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Көрнекіліктер:  Кесте, слайд

Технология: СКТ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

- Балалар сабақты бастамас бұрын, тәлім сөздермен бастайық:

1-оқушы: - Әрбір адам?

Бәрі: Туысым, досым, жұрағат

2-оқушы: - Әрбір сөзің?

Бәрі: Шындық, бірлік, адалдық.

3-оқушы: -Әрбір ісің?

Бәрі: Тірлік, тірек, адамдық.

4-оқушы: -Әрбір сабақ?

Бәрі: Үйрену, ұғу, ұлағат.

«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды» деген екен ұлы тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.

Қызығушылығын ояту

Сұрақ-жауап әдісі арқылы зат есімнің жалғаулары туралы алған білімдері пысықталады.

1. Зат есімдердің қандай жалғауларымен таныстық?

( Көптік, тәуелдік, септік жалғаулары)

2. Осы жалғаулардың қызметі қандай?

ІІ. Сабақтың мақсатын айту

ІІІ Жаңа сабақ

Тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

1-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап, сөйлемнің қай мүшесі екенін айт

Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен,

Арым бар, намысым баржан тербеткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

                                                Б. Момышұлы

- Бұл өлеңнің авторы кім?

Бауыржан атамыз туралы не білеміз?

Топтастыру

- Енді қарамен жазылған сөздерді талдаймыз.

(Адам-түбір, мын – жіктік жалғауы, ұл-түбір, -ы- тәуелдік жалғау ІІІ жақ, -мын-жіктік жалғауы)

Сұрақтар

- Неге түбір дейміз?

- Неге жіктік жалғауы дейміз?

Ереже:

Жіктік жалғауы адамның кім екенін, кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады. Мысалы: Мен оқушымын, сен бишісің, сіз мұғалімсіз, ол әнші.

Жіктік жалғаулы зат есім баяндауыш болады. Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады.

Мен – бастауыш. Адаммын – баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Зат есімнің жіктелу үлгісі

ІҮ. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі

Дәптермен жұмыс

Дәптерге күнді, айды жазу

Көркем жазу

Ж  ж  

Жалғас жарысқа қатысты.

3 – жаттығу Өлеңді жатқа жаз. Жіктелген зат есімді тауып, қай жақта тұрғанын айт.

Досбол бізге мақтана,

- Қақпашымын мен! - дейді.

- Мен тұрғанда,

Қақпаға

Бірде–бір доп енбейді.

І топ

4-жаттығу.

Ылғи өжет баламыз,

Жұлдыздайын ағамыз.

Шыр айналып, секіріп,

Мұзда ойнақ саламыз

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

                             М.Қуанышбеков

ІІ топ

5-жаттығу

 Сендер бақытты ұлансыңдар. Әлібек – талантты әнші. Дияс кітапханаға барлы. Біз тату баламыз. Жақсы оқып жүрмісің? Үлкендерді сыйлаңдар.

ҮІІ. Бекіту кезеңі:

Үлестірмелі материалдармен жұмыс;

Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.

Заңгер, домбырашы                                                     Сатушы, дәрігер

Мен заңгермін,домбырашымын                                    сатушымын, дәрігермін

Сен заңгерсің,домбырашысың                                      сатушысың, дәрігерсің

Сіз заңгерсіз,домбырашысыз                                       сатушысыз, дірігерсіз

Ол заңгер, домбырашы                                                сатушы, дәрігер

Біз заңгерміз, домбырашымыз                                     сатушымыз, дәрігерміз

Сендер заңгерсіңдер, домбырашысыңдар                  сатушысыңдар, дәрігерсіңдер

Сіздер заңгерсіздер,домбырашысыздар                    сатушысыздар, дәрігерсіздер

Олар заңгер, домбарашы                                            сатушы, дәрігер

  І топ                                                                               ІІ топ

«Домбырашысыңдар»                                                     «Дәрігерсіңдер»

Сөздерінің құрамына талдаңдар,осы сөздерге математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасаңдар.

Домбыра-Түбір                                                                   Дәрі-Түбір

Себебі: Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз.

Не? сұрағына жауап беріп зат есім болып тұр. Зат есім дегеніміз заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз

Шы – жұрнақ.                                                         –гер – жұрнақ

Өйткені: Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.

-Сыңдар- жіктік жалғауының І жағы көпше түрі         -сіңдер-Жіктік жалғауы

Себебі: Жіктік жалғауы адамның кім екенін, кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады.

 

 Осы сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құрастырыңдар. 

Инсерт стратегиясы:

Білемін

Белгенім

Білгім келеді

 

 

 

 

  ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6 жаттығу 22 бет

Бағалау:        


Пікірлер (4)

Жания

Жазушы сөзі қалай септеледі

Жания

Бәрі дұрыс екен ең үздік деп ойлаймын

Акниет

Адамның сөзі қалай септелді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз