Өлең, жыр, ақындар

Наурыз тойы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы 

Сабақтың мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Граматикалық тұлғада жүйелі сойлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,шарлар,дөңгелек үстел.бесік.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
 - Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз тойы»  атты ашық сабақ сабағымызды бастайық.
 - Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
- Ал, балалар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамы мен құттықтайық.
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!
2. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «рыз» - күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді.Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
- Құрметті балалар! Наурыз құтты болсын! (шашу шашады,музыка қосу.)
- Нуарыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
 - Ал, енді біздің балалардың бүгінгі мейрамға деген тақпақтарын тыңдасақ.
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Көктем келді бүгін, 
Күнім төкті нұрын 
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Мұғалім: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтнріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәшешек, жуқазын, қызғалдақ.

Оқушы: Түрлі-түсті әбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықты ойнап.
Оқушы:Сәнді көктем нұрымен 
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын.
Мұғалім: Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы моляды. Қар еріп, жер көкке боялады. Көктем – өте көңілді мезгіл.

Сергіту сәті: "Қара жорға" биі.
Мұғалім:
 - Ал енді балалар! Сендерге жұмбақ жасырам табыңдар: Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан.)
Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Ұлттық салт-дәстүрмен танысайық.Қазақ халқы тойшыл халық. Соның бірі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжың, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттп үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсаукесер» тойы өткізледі. 
Ұлттық ойындар: «Арқан тартыс»

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Соның ішінде «Көкпар», 

«Қыз қуу», "арқан тарту" т.б. ойындар.
 - Ал, балалар, ендеше «Арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.
Корытындылау: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» - деп кейінгі ұрпағына ықлас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Ендеше жеміздің батасын тыңдайық.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз